Home » Білім және тарих » Ұлы  ерлікке мың тағзым

Ұлы  ерлікке мың тағзым

                                                                                  Өткен күнді ұмытуға болмайды
Ұмыттың ба,ол қайғы
Кешегі өткен жиырма миллион боздақтар
Тіршіліктің тыныштығын толғайды.

      73 жыл. Сол жылдардың бәрінде еске алатын сұм соғыстан жеңіске жеткен күнді ешкім де, ешқашан да ұмытқан емес. Соғыс атауы құлаққа жағымсыз, тіршілікті қан жылататын, халықты үрейге салып, дүр сілкіндіретін қаралы сөз.Отан үшін елім деп, жерім деп қасық қаны қалғанша жанын пида етіп, елін қорғаған батырлардың ерлігін дәріптеу, ұрпақ санасына сіңіру әр педагогтың міндеті десек артық айтпаған болармыз. Қан майданда мерт болған боздақтардың жанымен, қанымен, ерлігімен келген атаның туын жықпай,ананың ақ тілегі орындалған жеңіс күніне орайластырылып ұйымдастырылған  Ордабасы ауданындағы Мұхаметқұл Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебінде  ер-азаматтардың құрметіне арналған үлкен іс-шара  өткізілді. Мұғалім тек қана бала оқытып қана қоймай, әнші де, биші де, актер да бола алатындығын көрсеткен жалынды  ұстаздар сан қырлы өнер түрлерін көрсете білді.
Бұл кешті бастауыш сынып мұғалімдері «Отан» атты хормен ашып берді. 
Елімізге жеңістің оңайлықпен келмегенін көрсету мақсатында қазақ тілі бірлестігінің ұстаздары  «Күткен күн» атты  сахналық көрініс қойып, көпшіліктің көңілін бір толқытты.Қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын тыныш заманнан сұм соғыстың зұлмат көрінісін, бауыр еті баласынан айырлған ана, сүйген азаматынан айырылған жар, артында қалып жеңісті ынтыға күткен елдің мүшкіл халін керемет сомдап шыққан ұстаздарды құдды бір сахна саңлақтары дерсің…
Елді қорғайтын сарбаздардың күш жігерін тасытып, ағылшын бірлестігінің ұстаздары «Сарбаздар» әніне билеп көрермен көзайымына айналды.Орыс тілі бірлестігінің атынан Мустафаева Айсұлу кешті әсем әнмен жалғады.Математика бірлестігінің мұғалімдері соғыс кезінде болған оқиғалардан әзіл-шыны аралас көрініс қойып көпшілікті күлкіге қарқ қылды.География пәнінің мұғалімдері ер азаматтарға арнап қызықты ойын түрлерін ұйымдастырып,жігіттердің мергендігін анықтап, сұраққа алды.Сұраққа мүдірмей жауап берген азаматтарға сыйлық таратып, керемет көңіл күй сыйлады.Биология пәнінің мұғалімдері мың бұрала  би билеп көрермен көңілінен орын алды.
Әкімшілік тарапынан ұйымдастырылған ұлттық ойын батыр жігіттеріміздің күш жігерін сынап, көпшілікті  бір серпілтіп тастады.
Концерт соңында қатысушылар бірлесіп орындаған «Атамекен» әнімен жеңістің туын желбіретіп, жүректерге сезім ұялатты.
Сол күткен күннің жеңіске ұласып,кейінгі ұрпақтардың  бақытты ғұмыр кешуіне негіз болған ардагерлерімізді мәңгі ардақтайық.
Іс-шара өте тартымды болды. Ерлікке мың тағзым ету бүгінгі ұрпақтың міндеті екенін ұжым болып көрсете алды.Осындай аудан көлеміндегі үлкен мектептің ұстаздары көпшілікке үлгі, ауызбіршілігі мол,білімді де білікті,жан-жақты мамандар екенін дәлелдеген ұстаздардың еңбектері табысты болсын!

                                                                      А.ДЖУСУПОВА
ОҚО, Ордабасы ауданы,
Мұхаметқұл Исламқұлов атындағы
жалпы орта мектебінің мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*