Home » Білім және тұлға » Бабаларға мың тағзым!

Бабаларға мың тағзым!

   Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды! Жарты әлемді шарпыған 2-ші дүниежүзілік соғыс қаһармандарының қатары күн санап сиресе де, оларға деген құрмет төмендеген емес. Дегенмен арамызда сұм соғыстың жеңіспен аяқталғанына 73 жыл толуын қарсы алып отырған қарт майдангерлер де жоқ емес. Солардың бірқатарына Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары  арнайы барып, Ұлы мерекемен құттықтап қайтты. Мектебіміздегі  алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Қуаныш Мұхамедиевпен кураторлардың жетекшілігімен батыр аталарының ерлік жолдарын тыңдауға барған оқушыларды ардагерлер қуанышпен қарсы алды.
Мәселен, қаламыздағы ет комбинатында еңбек етіп жүрген жерінен әскерге шақырылған Ошақбай ата 3-ші Беларусь майданынан бастап, Берлинге дейін жеткен екен. Ал Оразхан Майлыханов атамыз Украина, Белоруссия, Польша, Венгрия жерін жаудан азат етіп, жеңісті Берлинде қарсы алған. Соғыс аяқталса да, елге бірден қайтпай, әскер қатарынан 1949 жылы бірақ босатылған. Үшінші атбасын тіреген шаңырағымыз ардагер Дмитрий Ковалевтің үйі. Қария өзін құттықтай барған немерелеріне соғыс соқпақтарынан сыр шертіп, кейінгі ұрпаққа тек бейбітшілік тіледі.
Тағылымға толы тарихи әңгімеден ғибрат алған жеткіншектер, аталарына көрсеткен ерлік, қайсарлық, төзімділіктері үшін алғыс айтып, өздері апарған сыйлықтарын табыс етті.
Сондай –ақ Зияткерлік мектеп оқушылары қала орталығындағы «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қойып, бабалр рухына тағзым етті.

Ермек Исабаев,
Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы
 Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы        

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*