Home » Жас қалам » Әжеме, Әкешімді жақсы көрем

Әжеме, Әкешімді жақсы көрем

Әжеме

Айналайын ақ әжем
Бауырыңда өстім мен
Тек жақсылық тілеймін
Аман болшы жан әжем

Әкешімді жақсы көрем

Әкешім қамқор әкем
Бар қызына мейірімін төккен
Сіздей жан жоқ шығар бұл өмірде
Өзіңізді қатты жақсы көрем

 

Анашым

Анашымның күлімдеген жүзі әдемі,
Ешқашан жабырқамашы,
Жайнатып жүретін бар әлемді
Көзіңізді мұң шалмасын
Аяулы жан анашым

 

Көктем 

Көктем келді,
Жаңбыр жауды алақай
Жүр ойнайық,
Сыртқа шығып балақай

Сайдувалиева Ақниет Абубакирқызы,
4 а сынып оқушысы,
Алматы қаласы,
Іле ауданы,
Жапек батыр ауылы

 

 

 

 

2 пікір

  1. Айгуль

    Жаным. Өркенің оссін Талабыңа нур жаусын.

  2. Бақытнұр

    Талабыңа нұр жаусын! 4мектеп алға!👏

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*