Home » Мақалалар » English Language is a World language

English Language is a World language

Бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны ерекше. Тіл – халықпен бірге өмір сүріп дамиды.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Әрбір Қазақстандық үш тілді жетік меңгеру керек 2020 жылға  дейін ағылшын тілін білетін тұрғындар саны біршама көбеюі тиіс» – деп айтқан. Үш тілді меңгеру қазіргі уақытта басты назарда болып отырғаны белгілі.
«І. Жансүгіров атындағы № 28 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 15 мен 20 қаңтар аралығында өткен ағылшын тілі пәндерінің апталығы болды.
Апталықтың мақсаты: Оқушылардың ағылшын тілін мемлекеттік білім беру стандарты бойынша меңгергендігін бақылау, олардың қабілеті мен  тілін дамыту, ойлау және есте сақтау қабілеттерін тексеру; пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, шет тілін құрметтеуге үйрету, оқушыларды ағылшын тілінде еркін сөйлеуге дағдылау, сөздік қорын молайту.
Апталық барысында мұғалімдер ұйымдастырған іс-шаралар заман талабына сай өтті, соның ішінде интеллектуалды сайыстар, кештер, қабырға газеті сайысы, олимпиадалар, сыныптан тыс іс- шаралар.
Бірлестіктің апталық жоспарымен таныстыру мақсатында алғашқы күні оқушылар жиыны өткізілді,  онда апталықтың салтанатты ашылуы өтті. Апталық барысында  Айнабаева Тазагул 9-сыныпқа «Transport in London» тақырыбында ашық  сабағын қызықты өткізді.
Скендерова Бижамал 4–сыныпқа «Funny English»  зияткерлік ойынын өткізді.
Тагаев Командер 8-сыныпқа «Полиглот» тақырыбында сайыс  сабағын өткізді.  Оқушылар қызыға қатысып, өз білімдерін көрсете білді. Ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері барлық сабақтарында жаңа технологияны қолданып, сабақтары жоғары дәрежеде өтті. Апталықтың аяқталуына  орай арнайы салтанатты жиын өткізілді, сабақтарға және сыныптан тыс іс – шараларға белсене қатысқан оқушылар марапатталды.

Айнабаева Тазагул,
ОҚО, Мақтарал ауданы, Жылы су ауыл әкімшілігі
Мырзашоқы елді мекені, «І. Жансүгіров атындағы № 28 жалпы орта мектебі» КММ
ағылшын тілі пәнінің бірлестік жетекшісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*