Home » Спорт » Сарыарқа төріндегі жеңіс

Сарыарқа төріндегі жеңіс

«Білім академиясы» оқу орталығы күннен күнге қарыштап, алға қарай қадам басуда. Ең алғаш өз жұмысын 2014 жылы бастаған. Қазірге дейін сан емес тек сапаны басты назарға алып, білім беруде. Заман талабына сай білімді де зияткер оқушыларды даярлау мақсатында 2015 жылдан бастап жапон методикасы бойынша менталды арифметика зейінді дамытуға арналған курсын жүргізіп келеді.
Жыл сайын дәстүрлі түрде  өтетін Республикалық олимпиада биыл Сарыарқаның төрінде, ерке Есілдің сол жағалауында аспанмен тілдескен әсем ғимараттардың бірі – Қазақ Мемлекеттік заң университетінде ұйымдастырылды. Республиканың үздік, алғыр оқушылары жиналған бұл олимпиада 15 сәуір күні өткізілді. Балалардың логикалық ойлауын, зейін қоюын, есте сақтау қабілетін, жан-жақтылығын сынау үшін өткізілген бұл жарыс жоғары деңгейде тартысты өтті.
Жас ерекшелігімен 8 деңгей бойынша 18 оқушымыз өздерінің бағы мен бабын сынады. Жарысқа дейінгі қызу дайындық пен төккен тер өз жемісін беріп, 9 алтын, 5 күміс, 4 қола медальмен туған жерге оралды.
Атап айтсақ, Қызылорда қаласынан талабы таудай оқушылар Қанатбек Шакира, Рысдәулет Анора, Орынтай Дінмұхаммед, Мұратбай Бақдәулет, Ербол Ерасыл, Шахарбекқызы Маржан, Нұрланқызы Данэля 1 орын және арнайы кубок иегері атанды.
Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінің ең ақылды оқушылары Төлеуов Ерлік пен Жолдасбекқызы Аружан да жеңіс тұғырынан көрінді.
Сарыарқаның салқын самалы ескен шуақты күндері Қызылордалық жас өрендердің өресін биік, талабын зор етіп, көңілдерін бір серпілтіп тастады.
Балалардың осындай жетістікке жетуіне еңбек еткен мұғалімдері мен әрдайым қолдап, демеп жүрген ата-аналарына зор алғыс білдіреміз! «Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу» деген  сөз бар қазақта. Болашағымыз білімді балалардың қолында болғандықтан, сапалы білім беруден аянбайық!

 Оразбекова Сымбат Шахарбекқызы,
«Білім академиясы» оқу орталығының
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, методист,
Қызылорда қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*