Home » Басшы » Өмірдерек

Өмірдерек

Қуантай Амантайұлы ҚАТШАБАЕВ

Қарағанды облысында дүниеге келген. 2002-2009  жж. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ журналистика факультетінде оқыды. 2004-2009 жж. «Хабар» телеарнасында дыбыс режиссері, 2009 – 2010 жж. СТА телеарнасында журналист, 2009  жылдан бастап «Жетіқоңыр» жеке кәсіпкерлігінің басшысы қызметін атқарды.
«Айтарым бар», «Қонақ кәде», «ХХІ ғасырдағы қазақ балалары», «Солай екен», «Жеті өнер», «Таңдау» телебағдарламаларының авторы. «Асықтың түсі» мультфильмінің сценарий әрі кейіпкерлерінің және «Тәуелсіздік және айтыс», «Ауылға саяхат» және бірнеше деректі  фильмдер мен әлеуметтік роликтердің, сондай-ақ «tdb-astana.kz», «7brown.kz», «bilimainasy.kz» сайттарының, «Шашу» кітапшаларының авторы. “Педагогтардың шығармашылық дағдыларын дамыту” жобасының авторы әрі тренері. 2013 – 2018 жж. республикалық ғылыми-танымдық «Білім айнасы» газетінің директор-Бас редакторы қызметін атқарды. 2018 жылдан бастап “Білім айнасы” қауымдастығының Президенті.

4 пікір

  1. Шакиева Бүбіхан Баратқызы

    Иə,Қуантай секілді жан-жақты,жарасымды биік парасат иелері көп болса,заман ағысы-жастар тәрбиесі түзелер еді деп топшылаймын.Газет бетіндегі материалдарды оқығанда айызың қанады. Көп рахмет жаным.Мерейің əркез үстем болсын.Істеріңізде сəттілік төлеуші апайың Бүбіхан.

  2. Талғат

    Қуантай молодец алға текқана еңбегіннін жемісін көр Талғат служагын

  3. Раева Гульвира Рахымқызы

    Сәлеметсіз бе, мен сіздердің қызметтеріңізге риза болмадым, себебі, маған жазған мақалам уақытында қолыма жетпеді, мақала уақытында сайтқа шықты, бірақ журналды келесі апта аласыз деген еді.Енді ала алмай басшылықтан сөгіс алдым, мектеп ұстаздары жайында жазылған мақаланы дер кезінде көрсете алмағаным үшін. Сол жағына көбірек көңіл бөлсеңіз екен. Қазан айының 3-де берліген мақала шыққан журналға әлі жете алмай отырмын.

  4. Айгерим

    Жалпы қызметкерлеріңізге көңілім толмады. 3ші қазанда ақшасын төлеп, ашық сабағымды жібергем. Қазыр звандап, жазып жатсам, телефонды өшіріп, маған жазбайды. Бұл не сұмдық?
    Сіздің қызметкерлеріңіз үшін сөгіс алатын болдым. Әлі публикациям шықпады!
    Қатты көңілім қалды сіздерден!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*