Home » Спорт » Күш атасын танымас

Күш атасын танымас

Жер бетінде тіршілік пайда болғалы бері талай жылдар мен ғасырларды жұтып үлгерген тарих қойнауына үңілер болсақ, адамзат ғұмырында бір кездері тек білектің ғана күші «күш» болып саналған еді. Бертін келе, ойлау қабілетіне ие адамзат баласы үшін білектің күшін күреспей-ақ тойтара салатын ақылдың күші маңыздырақ бола бастады. Дегенмен, «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады», – деп дана халқымыз даралап қойса да, тұтас бір ел ешкімге кіріптар болмауы үшін екеуінің де маңызы жоғары емес пе?!
Ендеше, 2018 жылдың 7-сәуір күні Шамалған ауылындағы Үшқоңыр қазақ орта мектебінде ақылдың күші мен алыптың күші қатар анықталған күн болды десек, артық айтпағанымыз. Өйткені, дәл осы күні бұл мектепте Астана қаласының 20-жылдығына орай ұйымдастырылған аудан әкімінің кубогі бәйгеге тігілді. Яғни, волейбол ойындарынан бастап, шахматқа дейін ойнатылды. Жарысты басқару аудандық дене шынықтыру және спорт бөліміне жүктелсе де, жарыстың жоғары деңгейде өтуі үшін талабы бар талайлар ат салысты. Оған дәлел, бұл сайысқа  11 қала, ауылдық округтерден спортшылар саны 500-ге жуық командалардың қатысуы еді. Екі күнге созылған додада бәсекелесінен оза шауып, көзге түскендер көп болды.
Жарыстың қорытындысы бойынша, жеке спорт түрлерінен: волейболдан ерлер арасында  I орынды Жаңашамалған а/о, II орынды Жандосов а/о, III орынды Райымбек а/о иеленсе, ал волейболдан әйелдер арасында  I орынды Шамалған а/о, II орынды Райымбек а/о,  III орынды Ұмтыл а/о иеленді. Стол теннисінен I орынды Ұмтыл а/о, II орынды Шамалған а/о, III орынды Қаскелең қаласы ұтып алды. Шағын футболдан I орынды Шамалған а/о, II орынды Іргелі а/о, III орынды Әйтей а/о қанжығасына байлады.
Дойбыдан I орынды Қаскелең қаласы, II орынды Әйтей а/о, III орынды Жаңашамалған а/о иеленді. Ал Шахматтан I орынды Қаскелең қаласы, II орынды Шамалған а/о, III орынды Жаңашамалған а/о иеленді. Баскетболдан ерлер арасында I орынды Шамалған а/о, II орынды Іргелі а/о, III орынды Жаңашамалған а/о иеленді. Тоғызқұмалақтан I орынға Жамбыл а/о, II орынды Жаңашамалған а/о, III орынды Райымбек а/о ие болды.
Жалпы командалық есепте  жарыс қорытындысы бойынша I орынды Шамалған ауылдық округі, II орынды Жаңашамалған ауылдық округі, III орынды Райымбек ауылының командасы иеленді. Жарыс жеңімпаздары жекелей грамоталармен, медальдармен және командалық кубоктармен, дипломдармен марапатталды.
Жеңіске деген үмітін арқалап келген үміткерлердің барлығы бұл жарыстан кейін, тіпті, жігерлене түскендей!

Ақтолқын ОРАЗХАН,
«Білім айнасы»

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*