Home » Спорт » Төле би атындағы №8 гимназия жаңалықтары

Төле би атындағы №8 гимназия жаңалықтары

Төле би атындағы №8 гимназия Тараз қаласындағы белсенді мектептердің бірі. Білім алып жатқан балалардың ҰБТ дан жоғары балл көрсеткіштерді көрсетуімен қатар, өнер мен спорттан да жетістіктері ұшан-теңіз. Бұл аптада аталмыш мектепте үлкен ауыс-түйіс орын алды. Яғни бұл гимназияның директоры ретінде сәуірдің 4-де Әзімбай Әлішер Әзімбайұлы тағайындалды.
Ал жаңа директорды Тараз қаласы білім бөлімінің басшысы М.Қ. Жинақбаева  мен әріптестері, мектеп ұжымы құттықтап жүрекжарды тіліектерін жеткізіп жатты. «Жас келсе іске дегендей, еңбегіңізге сәттілік, деніңізге саулық тілейміз!», – деп аталған мекеменің бастауыш сынып мұғалімі Меруерт Қуатбекова басшылыққа ақ тілегін жеткізді.
Сонымен қатар, бұл білім ошағы осы аптада қала аралық спорт жарысы волейболдан Тараз қаласы мектептерінің ішінде ұжымнан құралған ұстаздар командасы 2-ші орынды жеңіп алды.
Өнер додасында халықаралық байқауда гимназияның 3 «г» сынып оқушысы Қабылбек Іңкәр Италия елінің бас қаласы Римде өткен әлемдік музыка байқауында пианино ойнаудан 3-ші орынды иеленді. Музыканы сүйіп тыңдайтын италияндықтар мен түрлі мемлекеттерден  тыңдарман жұртышылық жас дарынға шығармашылық табыс тіледі.
Ал, өткен аптада Қостанайда өткен Республикалық пәнаралық олимпиадасында  жамбылдың дарынды балалары топ жарған еді. Мектептің 11 сынып оқушылары Джаһангер Ақжана орыс тілі пәнінен жүлделі 1-орынды алса, құқық пәнінен Азреткулов Рамазан 3-орынға лайық деп табылды.
P.S. Ал, республикалық ғылыми-танымдық «Білім айнасы» газеті  Тараз қаласының №8 мектеп гимназиясының ұжымы мен шәкірттеріне шығармашылық табыс пен үлкен жетістіктер тілейді!

 Жансая Құрманғалиқызы,
Тараз қаласы,
«Білім айнасы»

One comment

  1. I precisely desired to say thanks yet again. I do not know what I would have implemented in the absence of those tactics documented by you about this area of interest. Previously it was a very daunting crisis in my position, however , taking a look at your professional mode you processed it made me to cry with gladness. I am thankful for the support as well as sincerely hope you realize what an amazing job you happen to be carrying out educating others via your webblog. Probably you haven’t encountered any of us.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*