Home » Жаңалықтар » ЖАҢАШЫЛ ТӘЖІРИБЕЛЕР СЫНҒА ТҮСТІ

ЖАҢАШЫЛ ТӘЖІРИБЕЛЕР СЫНҒА ТҮСТІ

Жақында Павлодар қаласының білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті Инновациялық Еуразиялық университетінде шығармашылықпен жұмыс жасайтын жалпы білім беру мекемелері мұғалімдерінің педагогикалық тәжірибені жалпылау бойынша қорытынды кезеңін өткізді. Оған: мектепке дейінгі білім беру мекемелері, мектептер, мектептен тыс ұйымдардан 400-ден астам қызметкер қатысты.
Инновациялық педагогикалық тәжірибе жұмысын қорғау жөніндегі педагогикалық форумның ашылуында Инновациялық Еуразиялық университетінің проректоры, филологиялық ғылымдарының докторы, профессор А.Р. Бейсембаев сөз сөйледі. Павлодар  мемлекеттік педагогикалық университетінің, Инновациялық Еуразиялық университетінің және Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің ғалымдары, Павлодар қаласының білім беру бөлімінің әдіскерлері, қала мектептерінің басшылары, шығармашылықпен айналысатын ұстаздар қауымының қатысуымен сараптама комиссиясының құрамы жасақталып, ұстаздар жұмысының сапасына төрлік етті.
Іс-шара барысында тәжірибе қорғау 7 кезең арқылы тыңдалу түрінде өткізілді. Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор В.К. Омарова, педагогика ғылымдарының кандидаты, Павлодар педагогикалық университеттің профессоры С.В. Осипова, педагогика ғылымдарының кандидаты, ИнЕУ доценті А.К. Сатынская өз ұсыныстарымен бөлісті.
Байқау қорытындысы бойынша, 55 мектеп мұғалімдерінің инновациялық жұмыс тәжірибесі «Педагогикалық тәжірибе – 2018» қалалық банкісіне енгізілетін болып, 30 мұғалім жұмыстарын облыс деңгейінде қорғауға мүмкіндік алды.
Өткен жылдың қараша айында облыстық және қалалық іріктеу кезеңіне қала мектептері мұғалімдерінің 95 жұмысы ұсынылса, солардың ішінен қалалық деңгейде – 64, облыста – 22 жұмыс сынға түсті. Облыстық байқау қорытындысына сәйкес, тәжірибені жалпылау бойынша қала мектептерінің 15 мұғалімі Сертификатқа қол жеткізді. Сондай-ақ, 9 жылдың ішінде 532 ұстаз қажырлы еңбегінің нәтижесін қалалық, облыстық, республикалық деңгейде қорғап шықты.

Айгүл МОЛДАШ,
“Білім айнасы,
Павлодар

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*