Home » Жаңалықтар » Еліміздің патриоттарын тәрбиелеу мақсатында қалалық форум өткізілді

Еліміздің патриоттарын тәрбиелеу мақсатында қалалық форум өткізілді

14 ақпан күні Астана қаласы білім ошағының белсенді оқушыларынан құралған экспедициялық іздестіру отрядтары қаладағы оқушылар сарайына жиналды. Жоғары сынып оқушыларымен қоса Еуразия гуманитарлық институтының колледжі студенттері де өз жұмыстарын көрсетті.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өлкетану» базалық жобасын іске асыру аясында Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұраларын сақтауды насхаттау, өз елінің патриоттарын тәрбиелеуге арналған Кіші Отанын зерделеу бойынша экспедициялық іздестіру отрядтарының жұмыс тәжірибесімен алмасуды мақсат еткен шара жалынды жастардың шаттық үнімен асқақтата шырқалған Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранымен ашылды.

Жеңімпаздарды марапаттаумен жалғасқан форумға өз жұмыстарын өткізген 25-ке жуық талапкерлер арасынан екі кезең нәтижесінде орын алған алты жеңімпаз сахна төріне көтерілді. Астана қаласы басқармасы тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы Гульфара Сарымбетова, «Тәрбие және білім» бағдарламасы шеңберінде «Рухани Жаңғыру» жобалау кеңсесінің бас менеджері Шарбат Макенбаева форумға қатысушыларға жылы лебізін білдірді.

Өз елінің көз тартар тарихи орындары жайлы зерттеу жұмыстарын жасаған «Жалын» патриоттық қозғалысының бірінші кезеңінде жүлделі I орынды Еуразия гуманитарлық институтының колледжі студенттері, ІІ орынды.

Қалалық №13, III орынды №50 орта мектеп отрядттары иеленді. Екінші кезең жеңімпаздары болып қалалық №16, №32 білім ордалары мен №58 мектеп-гимназиясының «Жігер» отряды марапатталды. Барлық жеңімпаздарға қалалық білім басқармасының мадақтама қағазымен қоса сыйлақтар табыс етілді. Форум соңында «Жалын» патриоттық қозғалысының III кезеңінде бақ сынауға дайындалған қаладағы 15 мектеп шәкірттерінің еңбектеріне жеміс тілеп, алар асуларың биік болсын деген игі тілектер айтылды.

Әлия Ғалымбек

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*