Home » Жаңалықтар » Махаббат пен шығармашылық педагогикасы

Махаббат пен шығармашылық педагогикасы

“Айша – Биби” бөбекжай – балабақшасында биылғы жылдың 1 – 12 ақпан аралығында   “Өзін – өзі тану : Махаббат пен шығармашылық педагогикасы ” атты дәстүрлі онкүндігі болып өтті. Онкүндікте төмендегідей іс шаралар ұйымдастырылды:

  1. 1 ақпан күні балабақшада “Өзін – өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы ” атты дәстүрлі онкүндік декадасының салтанатты ашылуы болып өтіп, қызметкерлер іс – шарамен таныстырылды. Өзін-өзі тану пәнінің  балабақша бағдарламасына енуі – Тәуелсіздіктің тәтті жемісі. Рухани-адамгершілік тәрбиесі – Адам болып қалыптасуының  алғы шарты.  Білім беру жүйесінде балаларды адами құндылықтар әлеміне тартып, адами қарым- қатынас нормаларымен таныстыру, азаматтық мәдениетті қалыптастыру және дамыту  осы пәннің еншісіне тиді. Бұл  істе –Сара Алпысқызы Назарбаеваның еңбегі орасан! Үлкен жүректі Ел  Анасының, сүйіспеншілік пен махаббатқа негізделген  ойлары  мен  тұжырымдарының жемісі. Жақсыны ұлықтай білу де, жайсанды қызықтай білу- ақылдың ісі. Дәстүрлі онкүндікті ұстаздар, балалар үлкен қуанышпен қарсы алды.
  2. 2 ақпан күні «Ласточки» ересек тобында “Доброта – солнце, согревающее сердце человека” атты ұйымдастырылған оқу қызметі өтілді. Сабақта балалар адамдар бір-біріне жылы сезімдерін білдіріп, айналасындағыларға тек жақсылық ойлап, игілікті істер жасау арқылы ғана мейірімділікті таныта алатынын және адамдардың бір-біріне деген мейірім шапағаты-әдептіліктің белгісі екендігін түсінді.
  3. 5 ақпан күні балабақша балалары тәрбиешілермен жас ұрпақтың өскелең талабын қанағаттандыруда рухани байлығын, интелектуалды қабілетін, жалпы ой–өрісін дамытуда, жоғарғы эстетикалық талап–талғамын қалыптастыру және “Өзін – өзі тану” рухани – адамгершілік бағдарламасының авторы С.А.Назарбаева жайлы “Мейірім төгетін ана” тақырыбында балалармен кітапханаға саяхат жасады. Бұл саяхатта балалар үшін кітаптың маңызы зор. Кітап – сегіз қырлы, терең сырлы  тәрбиеші, ұлы үйретуші, яғни ұстазға да ұстаз боларлық қасиет иесі іспетті. Кітаптан қымбат, одан асыл қызына жоқ екендігін түсінді. «Әрқашан күн сөнбесін!»тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды. Сурет байқауына ересек топ тәрбиеленушілері қатысты. Тәрбиеленушілер арасында С.А.Назарбаеваның туылған күніне орай «Асыл Ана- сен үшін!»тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың қорытындысына сәйкес жеңімпаздар мақтау қағазымен, сыйлықтармен марапатталды.
  4. 6 ақпан күні «Мейірімділік, бейбітшілік және достық» ұранымен мейірімділік, бейбітшілік және достық туралы балалардың шығармашылық жұмыстарының конкурсы өткізілді. Күннің шуағымен, махаббатпен, бақытпен жүректі тербеген өлеңдер, балалар суреттері, ашық хаттар көрмеге қойылды.
  5. 7 ақпан күні Ғунча ересек тобында балалардың «мейірімділік», «қайрымыдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, өзара сыйластық қарым қатынастарын дамыту мақсатында “Мейірімділік – асыл қасиет” атты ұйымдастырылған оқу қызметі өткізілді.
  6. 8 ақпан күні Балалар қатысуымен “Жеті лақ”, “Шалқан” ертегілерін сахналау арқылы көріністер, спектакль, “Ән көңілдің ажары” атты мерекелік концерт және “Жаны саудың, тәні сау” атты спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Байқаудың қорытындысына сәйкес жеңімпаздар мақтау қағазымен, сыйлықтармен марапатталды.
  7. 9 ақпан күні “Журектен – жүрекке” қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Қайырымдылық акциясына балабақшадағы мекеме қызметкерлерінің демеушілігімен жартылай жетім балаларға сыйлықтар табысталды.

  “Айша – Биби” бөбекжай – балабақшасы,

Оңтүстік Қазақстан облысы,

Кентау қаласы, Қарнақ ауылы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*