Home » Жаңалықтар » «Балаларды ерте жастан дамытуға арналған инновациялық технологиялар” атты көрме өтті

«Балаларды ерте жастан дамытуға арналған инновациялық технологиялар” атты көрме өтті

13 ақпанда Астана қалалық 54 мектеп-лицейінде “Ерте жастағы балаларды дамыту мен əлеуметтендірудің ерекшеліктері” тақырыбында семинар өтті. ҚР Білім жəне ғылым министрлігі ұйымдастырған басқосуға аталмыш министрлік өкілдері, Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясының, “Мектепке дейінгі балалық шақ республикалық орталығының, Ақпараттық-талдау орталығының мамандары, ЖОО жəне колледждердің оқытушылары, аймақтар мен Астана, Алматы қалаларының білім басқармаларының мектепке дейінгі білім беру саласына жауапты мамандары, мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары, əдіскерлері, Қазақстандағы БҰҰ-НЫҢ Балалар қорының, үкіметтік емес ұйымдардың, Білім беруді дамыту академиясы, мектепке дейінгі ұйымдардың қазақстандық қауымдастығы, жекеменшік білім беру ұйымдарының республикалық қауымдастығы өкілдері қатысты.
“Төртінші өнер кәсіптік революция жағдайындағы дамытудың жаңа мүмкіндіктері” атты мемлекет басшысының 2018жылғы халыққа жолдауы жетінші міндет “Адами Капитал-жаңғыру негізі” аясында өткен семинардың кіріспе сөзін МДОБД мектепке дейінгі тəрбие мен оқыту басқармасы басшысы Шарапат Солтанғазиева алды. Аталмыш басқарма басшысы еліміздегі БжҒМ 2014-2017 жылдары ерте жастағы балаларды дамытудың ғылыми əдістемелік негіздері анықтау жолдары мен нәтижесі жайлы айтып өтті. Оған қоса еліміздегі ағымдағы жағдай бойынша бүгінде 9828мектепке дейінгі ұйым, оның ішінде мемлекеттік балабақша 2859, шағын орталықтар 3911, 2749 жеке меншік, 309 шағын орталықтар жұмыс жасап отырғанын жеткізді.
Баяндаманы “Баланы ерте жастан дамытуға араласу бағдарламасының ерекшеліктері” тақырыбында ЮНИСЕФ-тің баланың құқықтарын қорғау бойынша бағдарламаларының үйлестірушісі Татьяна Адерихина, “Ерте жастағы балаларды күтудің жəне дамытудың өзекті мəселерері” тақырыбында ҚР Денсаулық сақтау комитеті санитарлық гигиеналық қадағалау басшысы жалғастырды.
Республикалық мектепке дейінгі балалық шақ орталығы директорының міндетін атқарушы Бижан Игенбаеваның “Балаларды ерте жастан дамыту жəне олардың əлеумметтік дағдыларын қалыптастыру стандарты жəне бағдарламаларын əзірлеудің негізгі бағыттарын жайлы таныстырылымы тамаша өтті.
Келушілерді қызықтырған дүние мектеп залында ұйымдастырылған «Балаларды ерте жастан дамытуға арналған инновациялық технологиялар” көрмесі болғанын айта кеткен жөн.
Семинарда “Қазақстанда балаларды ерте жастан оқыту мен дамыту саласындағы ұлттық жəне халықаралық зерттеу” тақырыбындағы Ақпараттық-талдау орталығы” АҚ Президентінің орынбасары Елдос Нұрлановтың, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Камарияш Қалкееваның “Баланы ерте жастан əлеуметтендірудің психологиялық ерекшеліктері” тақырыбындағы түсіндірмесі көпшілікті талай мағлұматтан хабардар етті. Білім саласы мамандарының бұл басқосуындағы жан-жақты түсіндіру лердің мақсаты бір сөзбен айтқанда балаларды ертеңгі ұрпақтың мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі дамуы білім саласындағы өзекті мəселе. Осылайша балаларды ерте дамыту мектепке дейінгі білім беру арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету уақыт талабы.

Әлия ҒАЛЫМБЕК,
Астана қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*