Home » Мақалалар » Рухани жаңғырудағы ұстаздардың рухани талпынысы

Рухани жаңғырудағы ұстаздардың рухани талпынысы

Өзінің дамуына мемлекет болсын, ұлт болсын рухани жаңғыруды үнемі қолға алып отырмаса, онда жалпы дамудың бәсеңдейтіні, қоғамдық қозғаушы күштердің әлсірейтіні адамзаттың өркениетті тарихының белгісі. Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның мемлекет ретіндегі бәсекеге қабілеттілігін арттыру және осы мемлекетке атау берген қазақ халқының, рухани әлеуметін күшейту үшін қашанда жаңғыруға бастайтын идеяларды ортаға салып, олардың орындалуына мән беріп тұрады. Ұлттық тұрғыдан алғанда сананы дамытып жаңғырту мәселесі білім беру саласының, әсіресе педагогикалық білім саласының еншісінде десек қателеспейміз.

Білімді ұстаз қашан да мектептің тірегі, сонымен қоса жүрегі. Халқымыздың атақты ақыны Төлеген Айбергенов «Ақын боп өмір кешіру оңай деймісің, қарағым, аузында болу бұл өзі сыздаған барлық жараның» демекші, ұстаз боп ғұмыр кешіру де оңай шаруа емес.

Біздің «Қазанның ХХХ жылдығы» жалпы орта мектебінде ақпан айының 12-ші жұлдызында Республикалық «Білім айнасы» газетінің редакциясы ұйымдастырған «Педагогтардың шығармашылық дағдыларын дамыту» атты бір күндік семинар- тренинг болып өтті. Ол тренингті «Білім айнасы» журналының маманы Мәдина Иманәліқызы өткізді. Бұл тренингте мұғалімдерге пайдалы мақалалар мен өткізген ашық сабақтарын жариялаумен айналысатын сайттар жайлы және оған қалай мақала сабақтар жариялауға болатыны туралы пайдалы мәліметтер берілді. Мен бұл тренингтен БАҚ және әлеуметтік желімен жұмыс тәсілдерін меңгердім. Аталмыш тренингтің ұстаздар қауымына берері мол пайдалы тренинг деп ойлаймын.

А.А. Кулманова,
ОҚО, Қазығұрт ауданы, Тұрбат ауылы
«Қазанның ХХХ жылдығы» жалпы орта мектебінің дефектологі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*