Home » Эссе » Менің алғашқы ұстазым

Менің алғашқы ұстазым

Ең алғаш мектеп табалдырығын аттаған кезде қолыма қалам ұстатып, әріптерді оқып, сандарды санап, оларды жазуға үйрететін, әр-түрлі өлең жолдарын жаттатқан осы аяулы да, ардақты ұстазым Гүлстан Сансызбайқызы. Осы ұстазымның арқасында мен көптеген жетістіктерге қол жеткіздім. Әр сыныпта жаңа пәндер , оқулықтар қосылады, жаңа ұстаздармен танысамыз, білімге білім қосамыз. Жер бетінде көптеген мамандықтар бар. Солардың ішінде ұстаздықтың жөні бөлек. Менің ойымша ең қиын да, күрделі мамандықтардың бірі де – осы. Өйткені, қай мамандықтың иесі болмасын бәрі де өз ұстаздарынан үйреніп білім алады. Бізге ой-сана, тәлім-тәрбие, өнер- білім беретін ұстаздар қауымына құрметпен қарауымыз керек.Қазақ даласында алғаш ұстаз атанған ол – Ыбырай Алтынсарин. Ол барлық балаларды «Кел, балалар оқылық!», – деп оқуға, білім алуға шақырды. Осы бір өлең жолдары қазіргі кезде көптеген мектептің маңдайшаларында ілулі. Әрбір оқушы алғаш табалдырығын аттаған мектептерімен 11-сыныпта қимай қоштасады. Мектеп бітіруші түлек болғаннан кейін арман қуып өздері қалаған мамандықтарына жоғары оқу орындарына түседі. Біздің болашақта қандай тұлға болып қалыптасуымызға осы ұстаздарымыздың бізге берер үлесі зор. Ұстаздардың еңбектерін айтып жеткізу мүмкін емес. Білімді, тәрбиелі, ел болашағын ойлайтын саналы ұрпаққа тәрбие беретін ұстаздарға мың алғыс! Демеу беріп,қанаттандыратын,өзімнің ұстазым Гүлстан Сансызбаевнаға рахмет айтқым келеді. Артатын сеніміңізді ақтауға тырысамын.

Наменгенова Еркежан,
Қарағанды қаласы,
№59 ЖББО мектебі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*