Home » Жас қалам » Қыз өссе – елдің көркі

Қыз өссе – елдің көркі

Нұржан Кәпқызы 1995 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы «Көкөзек орта мектеп-бақшасы» КММ–інде қазақ тілі және әдебиет пәнінен жоғары санатты ұстаз. Осы жылдар аралығында білім беру саласында қажырлы еңбегінің арқасында аудан әкімінің құрмет громатасымен, аудандық білім бөлімінің кәсіподақ ұйымының төрағасының құрмет громатасымен бірнеше рет марапатталды. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрайымының алғыс хатымен, аудандық Мәдениет және Тілдерді дамыту бөлімінің басшысының құрмет громаталары, мақтау қағаздары, алғыс хаттарымен марапатталды. 2009 оқу жылы аудандық Мәдениет және Тілдерді дамыту бөлімінің « Жалтақтамай өзге тілді ұлысқа, ең алдымен өз тіліңді дұрыста» атты үздік мақалалар байқауында жүлделі орынға ие болды. Облыстық «Айналайын», « Ақбота» интеллектуалдық сайыстарға жыл сайын оқушылар қатыстырып жүлделі І, ІІ, ІІІ орындарды жеңіп алады. 2010 оқу жылында Өскемен қаласындағы « Жамбыл» атындағы қазақ тілі және әдебиетін тереңдете оқытатын гимназия-лицейдің 90 жылдық торқалы тойында «Басқа ұлт мектептерінде қазақ тілі және әдебиетін оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдері» атты баянама жасап ….. атты кітапқа енгізілді. Сондай-ақ 2008 оқу жылында Республикалық «Балдырған», «Ақжелкен» журналдары, « Ұлан» газетінің Алматы, Астана қалаларындағы « Тұңғыш азамат» форумына оқушыларымен бірге делагат ретінде қатысты. 2006, 2010 ооқу жылдарында оқушылары Алматы қаласындағы «Айгөлек» журналының фестиваліне оқушысымен бірге екі рет қатысып, оқушысы « Жас тілші» куәлігіне 2 рет ие болды. 2010 оқу жылында Тайбағаров Серік Зайтанұлын еске алуға арналған «Үздіксіз кәсіби білім беру: туындайтын мәселелері мен даму болашағы»   атты ІҮ Халықаралық ғылыми–практикалық конференцияға « Үздіксіз білім беру жүйесінде қазақ тілін оқытуда халықтық педогогиканы тиімді пайдалану жолдары» тақырыбында баяндама оқып, баяндамасы кітапқа енгізілді. Сондай-ақ оқушыларын Республикалық «Алтын жұлдыз» сыйлығының иегері « Мөлдір бұлақ» журналының жыл сайынғы ұйымдастырып отыратын дәстүрлі бәйгесіне қатыстырып, оқушылары жүлделі орындарға ие болып, журналдың бас редакторының дипломы мен, бағалы сыйлықтарына ие болып, шығармалары журнал беттерінде жарық көруде. Ұстаздың тіл туралы, бала тәрбиесі туралы мақалалары республикалық «Бала тәрбиесі» журналы, «Қазақстан мұғалімі», «Ұлан» газеті, облыстық «Семей» таңы газеті, аудандық «Уақыт тынысы» газеттерінде жарық көруде. 2008 оқу жылында Үржар ауданының 80 жылдық торқалы тойында оқушысы ересектер арасында өткен айтыста ІІ орынды жеңіп алды. 2015 оқу жылында Ұлы Абайдың 170 жылдығына арналған «Хакім Абай әлемі»   атты аудандық апталық аясында «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы…» тақырыбымен өткізілген көркемсөз оқу шеберлері байқауына, «Болмасаң да ұқсап бақ…» тақырыбында жас ақындар мүшайрасында, «Ән көңілдің ажары…» тақырыбында Абай әндерін орындаушылар арасында өткізілген ән байқауларына оқушылары қатысып жүлделі орындарға ие болды.

ҚР Білім және Ғылым министрлігі Ресей Федерациясының   Білім және Ғылым министрлігі Астана қаласының Білім департаменті, Мәскеу қаласының Білім департаменті, Қазақ Гуманитарлық Заң Университеті, Новосібір Мемлекеттік Техникалық «Шумерлер» Халықаралық Білім қоры «Тұран» Ғылыми зерттеу орталығы «Зияткер» қоғамдық қоры ұйымдастырған «Қазіргі ғылым дамуының теориялық және тәжірибелік аспектілері» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысып, оқу мен тәрбие үрдісінің өзекті мәселелерін зерттеу ісіне өзіндік үлес қосқаны үшін Академик С.Қалиев атындағы педогогикалық инновациялар ғылыми-зерттеу орталығы директоры филология ғылымдарының кандидаты, профессоры М.Н. Бекбосынованың «Сертификатына» ие болды.   Сондай-ақ 2016 оқу жылында Республикалық «Білім және Ғылым» шығармашылық бірлестігі ұйымдастырған «Білім және Ғылым» атты бірінші Республикалық шығармашылық фестивальде «Ең үздік» іс-шара әзірлемесі бағыты бойынша І орынды жеңіп алса, «Білім және Ғылым» атты республикалық «Білім және Ғылым » атты бірінші Республикалық шығармашылық фестивальде «Ең үздік ғылыми жоба» бағыты бойынша І орынды жеңіп алғаны үшін шығармашылық бірлестігі алқасының төрайымы: Т.Ш. Ахметованың дипломымен марапатталды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған « Қазақ хандығының 550 жылдығы: тарихы және теориясы» ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, бандамасы кітапқа енгізіліп, Оқу-әдістемелік орталығының директоры Н.И. Астахованың Сертификатына ие болды. Сонымен қатар Республикалық « Алтын жұлдыз» иегері Мөлдір бұлақ журналының Құрмет громатасымен, алғыс хатымен, Айгөлек журналының Алғыс хаттарымен марапатталды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Қазақстан Республикалық Телерадиокорпорациясы Акционерлік қоғамы, «Қазақстан» Ұлттық арнасы, «Таң Шолпан» бағдарламасы ұйымдастырған «Тәуелсіздікке тарту» байқауына қатысып, ынталандыру сыйлығына ие болды. « Қазақ тарихы» баспасынан шыққан «Ұстаздардан ұтқыр ой» І,ІІ кітабында балаларға арналған өлеңдер топтамасы жарық көрген. 2017 оқу жылында ақын, әнші, сазгер Әсет Найманбайұлының 150 жылдығына орай шыққан « Әсетті танып, білдік пе?»   атты жинақта өлеңі жарық көрді.

Қыз өссе – елдің көркі

Бүгінгі ұрпақ- болашақ ұрпақ. Тәрбиені айтсақ, ең алдымен жас жеткіншектердің жанұядағы тәрбиесі айтылады. Оларды өмірге бейім, еңбекқор, білімді де, әдепті, сезімтал, саналы, мәдени, ой-өрісі биік тұлға етіп қалыптастыру әр ата – ана міндеті. Біздің халқымыз «қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, жан–жақты сұлулықтың жаршысы, қызға тән қасиеттер сүйкімділігі мен нәзіктігін , алғырлығын, білімділігімен қалыптастырады. Қазақ халқы қыз баланы ардақтап, қатты сөз айтпай, мәпелеп өсірген. Әрине адам мінезі деген белгілі бір қалыпқа құйып шығара салатын бұйым емес. Ол әркімнің өзінің алған тәлім–тәрбиесіне, көрген, білгеніне, ақыл–ойына, өзін ұстауына байланысты. Орыс жазушысы Максим Горький: «Сүйіспеншілік деген бір–бірінің кемістігін аңғармау, бір-біріне кешірімді болуы», – деген-ді.

«Баланы- жастан», – дейді халқымыз. Бұл – өміршең пікір. Зерделі халқымыз баланы жастайынан жақсы өсиет, кеңестер айту арқылы өнегелі тәрбие беріп, қимыл – әрекетіне байқау жүргізіп, оның ішінде әсіресе, ойынға үлкен мән берген. Қазақ халқы ежелден бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қыз баланы арын жасынан сақтауға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге, үй күту, қонақ күту рәсімдерін игеруге, отбасының берекесі болуға дағдыландырған. «Қыз бала- қонақ, қонақты сыйлар болар» , содан соң, «Есік жақта отырған қыздың төркіні кедей болар», – деп ырымдай отырып, ұл балаларды жасынан әйел – ананы сыйлап өсуге баулыған. Қай заманда да болсын, жанұя бақыты – әйел анаға байланысты. Қыз бала жасөспірім шағында яғни он төрт – он беске келгенде бойын түзеп, таза, сәнді киініп, есейгенін сезініп, әдемі көрінуге тырыса бастайды. Бұл – табиғи заңды құбылыс. Әрине бьұл кезеңде оларды жақсы мен жаманды, сыпайгершілік пен тұрпайлықты еркін аңғаруға талғамы жете бермейді. Сондықтан ала – құла киімдер киіп, бет – аузын әлем- жәлем етіп боянып, «бойы бұлғаң, сөзі жылмаң» жастарға еліктеуі мүмкін. Қыз баланы әр нәрсеге еліктеп, әсіреқызыл болудан сақтандыру, оның ақыл – ойының аумалы – төкпелі кезеңінде анасы дұрыс жол көрсетіп, ақ – қараны ажыратуына көмектесуі тиіс. Бой күтімі алдымен тазалықтан,   яғни өзінің киімін кіршіксіз, ұқыпты киюден басталады. Екінші шаш күтімі, бет күтімі, тіс күтімі сияқты ажарлы болып өсуіне қажетті жағдайларды білгені жөн. Ал, шаш күтіміне тоқталсақ:

Білектей арқасында өрген бұрым

Шолпысы сыбдыр қағып жүрсе ақырын.

Кәмшат бөрік ақ тамақ, қара қасы,

Сұлу қыздың көріп пе едің мұндай түрін.

Кең маңдайлы қолаң шаш,

Я, бір кез, я, құлаш – деп суреттейді ұлы Абай. Қыз баланың сұлулығын шынында қыз баланың шашы қалың да, ұзын болса, оны екі бұрым қылып, өріп, арқасына тастап қойса, қандай жарасып тұар еді. Ұзын шашты қыздың жүріп бара жатқан артынан қарап тұрудың өзі көңілге әдемі бір сезім ұялатады. Әрине, әджемі шаш өсіру де оңай емес. Ол үшін қыз баланың шашын жасынан мәпелеп өсірген дұрыс. Жаңа туған жас нәрестенің шашын қайшымен қиып, ал, жеті-сегіз ай болғанда немесе бір жасқа толғанда шашын ұстарамен алу керек. Өйткені баланың қарын шашы өте жұмсақ және сирек болады. Шашты ұстарамен алғаннан кейін баланың шашы қайратты да жиі болып өседі.   Ал, жиі жуылған шаш тез өседі. Ұзын шашты ұшынан бастап тараған жөн. Шаш деген нәзік нәрсе. Оны жас баладай аялап өсіру керек. Жас баланы әсіресе қыз баланы рахит ауруынан сақтандыру үшін «Д» витамин жетіспеуінен сақтандыру керек. Қыз бала он алты – он жеті жасқа келгенде өмір есігі айқара ашылғандай, ойына алған арманының бәрі мүлтіксіз орындалатындай сезіліп, албырт қиял, шартарапқа шапшиды. Ал келешекте қандай адам болары дәл осы кезде, яғни мінез – құлқы,е мақсат – мүддесі, денсаулық дәрежесі қалыптасатын шағында айқындалуы тиіс. Қыз баланың бой – тұлғасы сымбатты, денсаулығы мықты болып өсу үшін таңертеңгі гиманастикадан бастап жүйелі жаттығулар жасау қажет. Қорыта келгенде, «Қыз өссе елдің көркі», – деген сөздің тамыры тереңде жатқанына ата – ана болып, барлығымыз ұмытпай жадымызда сақтайық…

 

                                                             Қыздар-бақтағы қызыл гүлдер

Қыздар- бақтағы қызыл гүлдер,

Гүлдерді үлбіреген үзбеңіздер.

Үкілеген ата-ана үміті ғой,

Жайқалып бау-бақша да гүлдеңіздер.

Қыздар- ақ көңіл, пәк сезімдер,

Пәк сезімге улы сөз сеппеңіздер.

*

Қыздар- сезім болып жүректе өріліңдер,

Шуақ болып көңілге төгіліңдер.

Жауқазындай үлбіреп, гүлдеңіздер,

Бүршік жарып, тал шыбықтай бүрлеңіздер.

Қыздар- ақыл мен сезімді бірдей ұстап,

Қырдағы қызғалдақтай құлпырыңдар.

Сұлу сөз, сұқ көзден сақ болыңдар,

Орынсыз мақтанудан сақтаныңдар.

Қыздар-талаптың мініп тұлпарын,

Өнер мен білімге ұмтылыңдар.

Қыздар-иман тілеп, инабат сақтаңыздар,

Қыз -деген абыройды биік ұстап,

Намыспен ел сенімін ақтаңыздар.

Қыздар-қызғалдақ боп бағымда құлпырыңдар,

Жүректерге сыр болып, жыр құйыңдар.

Бойларыңда болсыншы тек ұлылық,

Өс санаңа дана сөзді сіңіріп.

Намысыңды ардан биік қадірле,

Әдемілік-әдептілік сәні де.

Қазақ қызы-семсер сөзді, от көзді,

Ел анасы-Зере, Ұлжан, Айша бибі боп келді.

Қазақ қызы-ар-намысы ұлтымның,

Күлімдеген жүздеріңнен бақыт болып нұр тұнды.

 

                                                   Нұржан Кәпқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*