Home » Жаңалықтар » Мұқағали шығармалары үш тілде

Мұқағали шығармалары үш тілде

  Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Мағжан Жұмабаев атындағы № 137 мектепте «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің оқытушысы С.К. Арынованың ұйымдастыруымен қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтің 87 жасқа толуына орай «Мұқағали шығармалары үш түрлі тілде» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Жоғары да аталып өткен тамаша кеш, ақынның «Бүгін менің туған күнім»деген өлеңімен ашылды. Үш жүргізуші тізгіндеген, үш тілде өткен кештің құрметті қонақтары қатарында, Жетісу аудандық білім бөлімінің бас маманы Чемербаева Аида және Жетісу аудандық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары отырды. Мың бұралып билеп, қоңыр үнмен күмбірлетіп күй шерткен оқушылардың өнерлеріне тәнті болып, тамсанған көрермендер санында шек жоқ.

Сондай-ақ, Мұқағали Мақатаевтің «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы жатқа оқылса, бірде қара өлеңдеріне жазылған әсем әуендері орындалды. Қазақтың дәстүрлі аспаптарында ойнаған шәкірттердің өнерлі, талантты, тапқыр екеніне көзіміз жетті. Ақынның «Мен таулықпын» деп аталатын өлеңін үш тілде мәнерге салып оқыған оқушылардың сахна тілін мықты меңгергені көрініп тұрды. Сонымен қатар, Кулшара Абильденованың жетекшілігімен шыққан «Ай-жұлдыз» би тобының сахналық образы қызығарлықтай болды.

Әдемі көрініспен керемет көңіл-күй сыйлаған кеш «Туған жер»деген тамаша әнмен қорытындыланды. Сөз соңы мектеп директоры Сандуғаш Балтабайқызына берілді. «Оқушылардың дайындығы ойлағанымнан да озып шықты» – деп лебізін білдіріп,әрбір шәкіртке шығармашылық табыс тіледі.

Жадыра Бағашар,
«Білім айнасы»,
Алматы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*