Home » Мақалалар » Менің Астанам!

Менің Астанам!

Биылғы жылы елордамыз Астананың 20 жылдығын атап өтеміз. Елорда тойы – елдің тойы, елдіктің мерекесі, ұлттың қуанышы, мемлекеттің мерейі бола бермек. Осы орайда, қаланың 20 жылдығын оқушылар арасында насихаттау мақсатында №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясында тарих бірлестігі апталығының аясында Қазақстан Республикасының елордасы-Астана қаласының 20 жылдығына орай «Менің Астанам» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Шараға 8-сынып оқушылары қатысты. Оқушылар Е. Сүйіндік, Н.Рысдәулет, Г.Құлахмет Астананың орнында көне қыпшақ қаласы – Бозоқ қалашығының болғандығы жайында деректер арқылы әңгімеледі. Әли Сабина, Шәдім Айзат ХІХ ғ Ақмола бекінісінің салыну тарихы жайында, Орынбасар Жансая, Ғаниқызы Зарина Ақмоланың тың игеру кезіндегі дамуы және ұлттық құрамы туралы баяндады.
Тарих пәні мұғалімі Г.Махаш Астана қаласының даму жағдайы туралы айта келе, 2017 жылы 10-желтоқсанда Қазақстанның жаңа астанасының жарияланғанына 20 жыл толғандығы, жас әрі серпінді дамып келе жатқан қала мемлекеттілік пен егемендіктің ерекше нышанына айналып,, Елбасының қазіргі геосаяси және геоэкономиалық жағдайларда күшті демократиялық мемлекет құру туралы жүзеге асқан стратегиялық идеясы болып табылатындығын түсіндіріп өтті.
Астананың көшірілуі қаланың экономикалық дамуына қуатты күш берді. Еуразиялық континенттің ортасында орналасуы Астананы ыңғайлы көліктік, коммуникациялық және логистикалық орталыққа, Еуропа мен Азияның аралығындағы өзіндік транзиттік көпірге айналдырады.
Е.Сүйіндік, С.Асылбек биылғы жазда Астана қаласына барып, ЭКСПО-2017 ж көрмесіне қатысуы, одан алған әсері туралы әңгімеледі. Осындай бағыттағы іс-шаралар әлі де өз жалғасын табуда. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың айтқанындай: «Астана біз үшін – бірігудің, тұтастықтың, халқымыздың өз күшіне, ерекше мүмкіндіктеріне деген сенімінің рухтандырушы рәмізі. Астана рухы ғасырлық дәстүрлерді, даналықты, халықтың шығармашылығын, Қазақстан халқының өткенін, қазіргісі мен келешегін сабақтастырады. Біздің мемлекетімізде, экономика мен қоғамда тәуелсіздік жылдары болған түбегейлі өзгерістер елордамызда айнадағыдай көрініс тапқан».

                                                                   Г.Ділімбетова,
№ 45 “Ақ Орда” мектеп-гиназиясының тарих пәні

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*