Home » Баяндамалар » Баланы қос тілде сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу

Баланы қос тілде сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу

Мемлект басшысы Н.Ә. Назарбаев бала тәрбиесіне, оларды ғаламдық өзгерістерге дайын етіп өсірудің қаншалықты маңызды екеніне біздің назарымызды үнемі аударып келеді. Бүгінгі «Баланың жасында көргені-бүкіл өміріне азық» мектепке дейінгі білім беру қызметкерлерінің педагогикалық оқулары мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тұтастай білім беру үдерісін жетілдірудің әсерлі құралы болып табылады.Сонымен қатар педагогикалық ғылым мен практиканың байланысын нығайтуға,мектепке дейінгі білім беру саласындағы ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыруға көп ықпал етеді. Бүгінгі күні үш тұғырлы тіл саясаты-еліміздің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылудағы бірінші баспалдағы. Өйткені бірнеше тілде еркін сөйлей, әрі жаза білетін қазақстандықтар өз елінде де шет елдерде де бәсекеге қаблетті тұлғаға айналады.Болашақта жас қазақстандықтар әлем азаматтары атанады.

Бүгін біз мектепке дейінгі білім берудің мазмұнын жетілдіру, көп тілді ортаны құру үшін балалардың сөйлеу тілін дамытуда мектепке дейінгі білім беру жүйесіне инновациялық технологиялар мен жаңа әдістемелерді еңгізу мәселелерін талқылаймыз. Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде көптілділікті дамытудың ғылыми-зерттеушілік бағыттылығына, сондай-ақ мектеп жасына дейінгі балалардың жобалау іс-әрекеті үрдісіндегі коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру мәселелері де кун тәртібінде.

Қазіргі заманғы ғылым шет тілін үйрету мектепке дейінгі балалар миының джамуын ынталандыратынын дәлелдеп отыр. Қос тілді ортада өскен балалардың өмірді тану қаблеті бір тілде сөйлейтін балаларға қарағанда жақсы дамиды. Ол үшін сабақты дұрыс ұйымдастыру керек. Дұрыс деген кішкентай балалар үшін қызықты дегенді білдіреді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында білім беру саласындағы стратегиясы және саясаты айқындалды. Елбасы «балаларымыз қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерінде белсенді меңгеру үшін жағдай жасауға»шаралар қабылдау қажеттігін көрсетті. Көрсетілген үш тілдің әрқайсысы кез келген салада өзінің қолданыс мүмкіншілігін барынша ашуы тиіс.

«2011-2020 жылдарға арналған ҚР Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасы» тілдерді дамыту және қолданудың нормативтік-құқықтық және әдіснамалық базасын жетілдіруге бағытталған кешенді шаралар өткізуді қарастырады. Сонымен қатар,мемлекеттік тілді үйрену және оны қолдануда жаңа технологиялармен әдістерді енгізу бойынша кешенді шаралар жоспарлануда.

Қазіргі таңда ең алдымен мектепке дейінгі ұйымдардың деңгейінде көп тілді білім беру мазмұнын бір жүйеге келтіру қажет. Бұл тілдік дайындықтың нормативтік базалық деңгейін бастауыш, орта, жоғары және жоғарыдан кейнгі білім беру деңгейінде көптілді кұзыретті қалыптастыруды сабақтас жалғастыру үшін қамтамасыз етуі қажет.

Мектеп жасына дейінгі кезең тілдерді үйренуге ең қолайлы кезең екендігін,бала жетерлік зейін қоюға, логикалық ойлауға қаблетті екендігін,балада жетерлікті ес көлемі бар екендігін есепке ала отырып,үш тілде оқытуды мектепке дейінгі ерте жастан бастау қажеттілігі туындайды. Бұл тілдерді ары қарай үйренуде сөздердің лексикалық қорын құруға мүмкіндік береді.

«Тілдердің үштұғырлығының»өзектілігі практикалық маңыздылығымен де себепші.Мектеп жасына дейінгі балалар алған білімдерін мектепте оқыған кезде де қолдана алады. Мектепке алғашқы барған кезде балалардың ең бастысы-екінші тілді ары қарай үйренуге қызығушылықтары қалыптасуы, белгілі білім көлемі жинақталу тиіс, бұл балаларға бастауыш мектепте тілдердің үштұғырлылығы бағдарламасын жеңіл меңгеруге мүмкіндік беретін.

«Мектепке дейінгі ұйымдарда тілдің үштұғырлылығын дамыту» бағдарламасы.Мектеп жасына дейінгі балаларадың үш тілде бірдей белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталған. Тілдердің үштұғырлылығы мектеп жасына дейінгі балалардың мемлекеттік тілде, Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші болып есептелетін,жалпы қолданыстағы орыс тілінде және халықаралық тілі болып саналатын-ағылшын тілінде қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыруға негізделген.

Жалпы әлем елдерінің тәжірибесінде тіл үйрету отбасынан, қала берді балабақшадан басталады екен.Мысалы, Қытайда жекеменшік балабақшалар оқу бағдарламаларында шет тілін пән ретінде оқытады. Бірақ, бұл елдегі мектепке дейінгі мекемелер тәрбие-білім беру жұмыстарының бірыңғай бағдарламасы-мектепке джейінгі оқытудың нұсқаулық бағдарламсы бойынша жұмыс істейді.

«Мидың физиологиясын және бала психологиясын зерттеу нәтижесі сәбидің ақыл-ой қаблетінің даму кілті-бұл оның алғашқы 3 жылдағы жеке танымдық тәжірейбесі екенін көрсетті. Ешкім данышпан болып тумайды, сол сияқты ақымақта болып та жаратылмайды. Бәрі мидың алғашқы 36 айдағы даму ынтасы мен деңгейіне байланысты. Балабақша да тіпті мектепте тәрбиелеуге ол кезде кеш болады» дейді Масару Ибука.

Ал,бұл мәселелерді шешу үшін әлемдік білім беру кеңістігінде өзге еледермен терезе тең тұрған елімізде сәбиге ерте жастан оқытудың заманауи технологияларын меңгерген,балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін білетін, әдістемелік сауатты ұстаз қажет. Әрине бұл ретте мемлекет те саясатын өзінің кішкентай азаматтарының, яғни болашақтың пайдасына қарай жүргізгені абзал.

Масақбаева Гүлбану Ергенқызы,
№6 «Сандуғаш» бөбекжай балабақшасының ағылшын пән мұғалімі

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*