Home » Поэзия » Әсем қалам – Астанам!

Әсем қалам – Астанам!

Ең сұлу, ең керемет, Елордам,

Кең далада, шыңға айналған,

әсем қалам – Астанам,

Әлемге жарқырап, шетелге таңылған,

әсем қалам – Астанам,

Қонақжай халқым, кереметтен таң қалған,

әсем қалам – Астанам,

«Экспоға» келді бар әлем,

Бұл Қазақ даласы, әсем қалам – Астанам,

Көрмегесендерді шақырды,

әсем қалам – Астанам,

Құшақ жайып қарсы алды,

әсем қалам – Астанам,

Керемет әнін кернеген, барлық елге танылған,

әсем қалам –Астанам,

Нұр жерімде, нұрланады жастармен,

әсем қалам –Астанам,

Нұр көңіл, нұр шаттық, нұр төгеді,

әсем қалам –Астанам,

Тер төгеді халқым үшін,жерім үшін елбасшысы – Нұрсұлтан,

әсем қалам –Астанам,

Еліме нұрлы күн сыйлап, халқым жүр бақытпен жарқырап,

әсем қалам –Астанам,

Ана тілімде, туған тілімде, сайрайды халқым,

әсем қалам –Астанам

Рухани жаңғыруды жалғастырады,

Ертеңгі болашақ жастарым,

әсем қалам –Астанам,

Ел болып, тату болып, ел байрағын желбіретіп,

әсем қалам –Астанам,

Ел танылып, елу елге теңеліп, еңбектеніп халқым жүр,

әсем қалам –Астанам,

Ел болып, еркіндікте ер еткен , ертенгісін гүлдене бер,

әсем қалам –Астанам!

Құшқұмбаева Аймкуль Ақатқызы,
Қостанай облысы, Қарабалық ауданы,
Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*