Home » Оқу-әдістемелік материалдар » Сыныбыммен мақтанамын

Сыныбыммен мақтанамын

Біздің 9 «а» сыныбы оқушылары 1-сыныптан бірге жұбымыз жазылмай №59 ЖББОМ білім мен тәрбие алудамыз.

Біздің ұранымыз:

Көк бөрідей жүректі,қайраттымыз,

Жігерлі де өнерлі, айбаттымыз!

ӨМІРЛІК ҰСТАНЫМЫМЫЗ:

Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады.
Өршіл, намысшыл жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады.
Н.Назарбаев

Мектебімізде өткізген әрбір күнімізді мазмұнды, пайдалы өткізуге тырысамыз.

Сыныпта 22 оқушы.Үлгерім сапасы 23 пайызды құрайды.

Жетістіктеріміз: «Қиялдардың ұшуы» – Кенжебек Серікболсын, Сейлов Рустем 3-орын

«Табыс баспалдағы» – Касимова Д.-1 орын, Солтахат Ә. – 1 орын, Кенжебек С. – 2 -орын

«Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман» деген Елбасымыздың ұлағатты сөздерін үнемі жадымызда ұстаймыз.

Жетістіктеріміз:

Касимова Дамира қалалық пәндер олимпиадасында математика пәнінен 10 орын,Шаяхметова Алуана орыс тілінен 12 орын.

Касимова Дамира халықаралық қашықтық фестивалінде қатысқаны үшін диплом.

Ерімбетов Мирас каратэден бірнеше дүркін жеңімпазы:

Қарағанды облысы Кубогында 2-орын, Шымкент қаласында ҚР Кубогы – 3 орын,

Каратэ-до бойынша ҚР Ұлттық Каратэ-до Федерациясының Президентінің шеберлігі үшін 9 дәрежелі КЮ атағы куәлігіне ие болған.

Мектебімізде өткізіліп отыратын дәстүрлі байқау-сайыстарда жүлделі орындарды иемденеміз.Барлық мектепішілік іс-шаралар біздің белсене қатысуымызбен өткізіледі.

Сөз соңында,

Біз–сыныппыз,айқасқа сынға асықпыз,

Жүрегі бар кеудемізде, шың ғашықтың.

Жанартаудай жойқынбыз жұлқынғанда,

Шарықтасақ,қыран боп шыңға шықпақ! – дегіміз келеді

Болатова Сабина,
9 «А» сынып оқушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*