Home » Айтарым бар » «Білім айнасы» газеті – шамшырағы елімнің!

«Білім айнасы» газеті – шамшырағы елімнің!

Бүгінгі күні білім саласы – басты назарда тұрғандықтан, «Білім айнасы» газеті ұжымы бізге әріптестерін жіберіп отырғанына қатты шаттанып отырмыз.
Нұржан Сырлыбекұлының қиялымызға қанат бітіріп, шабытымызды шарықтатып ширататын жалынды сөздерінен кейін тренингке зер салдық.
Мадина Имашевна өткізген тренингтен өз ойыма үлкен қозғалыс алдым. Барлық мұғалім мақаланы шын шабыттанса жазады. Бірақ оны газет – журнал беттеріне жариялау үшін уақыттың жоқтығы сияқты себептер шығып жататындықтан, бет бұрмай келеміз.
Сіздермен кездесуден өз туындыларымызды жариялаудың ең тиімді жолдарына, мүмкіндіктеріне кең жол ашылғанын түсіндім. Күні кеше бізге айтқан жарнамасынан – ақ сіздермен жолығуға асықтық, бірақ күмәніміз де аз болмады. Себебі ұстаздардың қамын ойлайтын адамдар да бар ма екен деп ем?
Бүгінгі жүздесуден бізге жасалып жатқан үлкен қамқорлықты сезінгенімді жасыра алмаймын.
Егер де сіздер, екі – үш жыл бұрын келгендеріңізде, біздің ұжымнан мақала жазып, ашық сабақтарын, апталықтарын жан – жақты ізденіспен өткізіп, шығармашылық қабілеттері шыңдалған әріптестер саны артқан болар еді.
Нұржан Сырлыбекұлы мен Мадина Имашевналарға алғыс айта отырып, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша шығармашылықпен жұмыс атқаруға үлкен серпіліс алдық.

                     Халхаманова Эльмира Хасановна,
ОҚО Сарыағаш ауданы
Шәкәрім атындағы №27 жалпы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*