Home » Білім және өнер » Біздің мектебімізде аналарға арналған мерекелік кеш бір рет қана болмайды

Біздің мектебімізде аналарға арналған мерекелік кеш бір рет қана болмайды

   Қазіргі уақытта Қазақстанның барлық мектептерінде «Махаббат пен шығармашылық» атты он күндік (2-12 ақпан ) іс-шара өткізіліп жатқаны белгілі. Бұған себеп, өзін-өзі тану пәнінің негізін салушы Сара Назарбаеваның 12-ақпанда 77 жасқа толуы.

Осыған байланысты «Жусансай» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде де аталған онкүндікке мұғалімдермен оқушылардың бірлесе жұмыс жасауымен есте қаларлықтай іс-шаралар жүргізілуде. Біздің мектептің мұғалімдері оқушылардың санасына аналарға деген құрметті қалай көрсету керектігін арнайы тәрбие сағаттары арқылы, күнделікті айтып келуде.

Мектебімізде 1.02.2018 жылы іс-шараның ашылуы өтіліп, 2.02.2018 жылы кітапханада арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып, 3.02.2018 жылы мерекелік іс-шараға ұласты. «Алтын жүректі анамыз» және «Құлақтан кіріп бойды алар» атты тақырыптар бойынша мұғалімдер мен оқушылар ұстаздар мен қонақтарға арнап өнерлерін көрсетті.

Қазақтың бұрынғы және қазіргі айтылып жүрген аналар жайындағы әсем әндер айтылып көрермендердің көңілінен шыға білді.

 

 

 

 

Мәденов Мақсат,
ОҚО, Ордабасы ауданы, Жусансай ауылы,
«Жусансай» жом. Педагог ұйымдастырушы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*