Home » Білім және өнер » Менің отбасым – менің елім

Менің отбасым – менің елім

Жуырда М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасынжүзеге асыру аясында балалар шығармашылығының облыстық «Менің отбасым – менің елім» жобасынанБаянауыл ауданы Ш.Айманов атындағы ЖОББМИ тәлімгері Айнагүл Калымбекқызы Жусупбаеваның жетекшілік етуімен «Жомарт жүрек» тобының мүшелері: Балғабай Оразалы, Қаппас Фариза, Омарова Альфия, Таштаева Молдир, Қамзабай Жүрсін, Жанболат Әлі ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Фестиваль – конкурстың финалдық кезеңіне мына мектептердің командалары: Палодар қаласы №14, 22, 24 ЖОББМ, Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы және Екібастұз қаласының №17 ЖОББМ, Қашыр ауданы А.Текенов атындағы №2 ЖОББМ, Павлодар ауданы Шақат ЖОББМ және Баянауыл ауданы Ш.Айманов атындағы ЖОББМИ қатысты.

Балалар шығармашылығының облыстық «Менің отбасым – менің елім» жобасы қашықтық және күндізгі конкурстардан тұрды. Қашықтық конкурста «Жомарт жүрек» тобы «Ел дәстүрі отбасынан басталады» атты тақырыпта бейнеролик түсіріп, финалға өтті. Конкурс – фестивальдің келесі кезеңдерден тұрды:

1) «Біз өзімізді танытамыз» команда өзін-өзі таныстырды; 2) Интеллектуалды конкурс. «Білгірлер бәйгесі» кіші Отанымыздың тарихы, оның атақты адамдары, атаулы күндерді білуге арналған сайыс; 3) «Мәдениет пен тілдердің үйлесімділігі» Қазақстан халықтарының салт-дәстүрлерін білуге арналған сайыс; 4) Қайырымдылық «Үміт сәулесі» атты акциясының жобасы дайындалды.

Саликова Елмира Мерегенбайқызы,
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы,
Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім
беру мектеп – интернатының
директордың тәрбие жөніндегі орынбасары

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*