Home » Білім және өнер » Дарынды, талантты балалар – ұлт болашағы

Дарынды, талантты балалар – ұлт болашағы

“Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін
ең алдымен азаттық пен білім қажет”.
Шоқан Уәлиханов

Сөз зергері Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясында қаңтардың 17 жұлдызында мектеп директоры Қалдықыз Айтжанқызы мен директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ботагөз Қисамадинқызының ұйымдастыруымен «Дарынды, талантты балалар – ұлт болашағы» атты білімді, дарынды, талантты да өнерлі балаларды марапаттау кеші өтті. Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы халқына арналған кезекті Жолдауында – адам елдің басты байлығы екендігін айта келіп, білім беру, денсаулық сақтау, өмір сапасын жақсарту қажеттігін атап көрсетті. Елбасының «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында», – деп айтқан сөзі бізді жарқын болашаққа апарар дара жол деп білеміз! Иә, шын мәнісінде бүгінгі жас – ертеңгі елдің тізгінін мықтап ұстар, ел болашағы, келешек келбеті. Сол себепті олардың білімді, бәсекеге қабілетті, жан-жақты болуы ертеңгі ел тағдыры! Дарынды балаларды қолдау мақсатында мектебімізде жүйелі де, маңызды жұмыстар атқарылуда.
Қосылсыншы білім атты сырға сыр,
Өзгерсе де уақыт атты жыл, ғасыр.
Білім жалғар дәуірлердің арасын,
Білімдіні ұнатады бұл ғасыр, – дегендей кештің басты мақсаты: Білімнің қайнар бұлағына айналған, өнердің жарқын шырағына айналған, спорттың жас саңлақтарына айналған оқушыларымызды жетістіктерімен марапаттай отырып, басқа да оқушылар осы дарындыларға қарап үлгі алсын деген адал ниет!
Марапаттау салтанаты ІV кезеңнен тұрды. Алғашқы құттықтау сөзі мен жүрекжарды тілегін айтып, бірінші марапаттау салтанатын мектеп директоры Мусаева Қалдықыз Айтжанқызы жүргізді. Бұл кезеңде қалалық, президенттік олимпиадалардан, сондай-ақ, ғылыми жоба, менталды арифметика жарыстарынан орын алған дарынды да білімді оқушылармызды марапаттады.

Президенттік, қалалық олимпиада жүлдегерлері 4. Ғылыми жоба байқауынан 2 оқушы ІІ, ІІІ орындарды қанжығаларына байлады. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күніне орай М.Әуезов ауданы Білім басқармасы мен «Достық» Білім Беру Орталығының ұйымдастыруымен 9-сыныптарға арналған «Достық»  олимпиадасында 2 оқушы 2-ші және 1-ші орындар алған. Сонымен қатар, «Нархоз университеті» «Таңдаулы Экономистер Одағы» жоғары пікірсайыс мектебі ұйымдастырған Республикалық жас пікірсайысшылар турнирінен 2-орын иегерлері біздің мектептен 2 оқушы жеңіп алды. Біздің білімді оқушыларымыз республикалық қашықтық олимпиадаға қатысып, 9 оқушы математика, информатика, орыс тілі пәндерінен 1-2-орындар алды. Халықаралық менталды арифметикалық  чемпионаттың чемпионы болған 1 оқушы болса, ІІІ қалалық менталды арифметикадан 3-орын алған 1 оқушы бар.

2017 жылдың 23-желтоқсан күні Малайзияның Джохор Бару қаласында Intelligent mental arithmetic (Интелидженд ментал арифметик) атты халықарлық жарыс өтті. Бұл жарысқа көптеген мемлекеттерден, атап айтқанда,  Малайзия, Индонезия, Қытай, Египет, Турция, Сингапур, Ресей, Қырғызстан, Қазақстаннан және де т.б. көптеген елдерден 2300 бала қатысты. Қазақстандық бір топ оқушылардың арасында Кенжебек Малика да болды. Әлемнің түпкір-түпкірінен келген озат оқушылардан сытылып шығып 1-орынды Қазақстандық 3 «А» сынып оқушысы Кенжебек Малика  жеңіп алды және де ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Мектебімізде болып жатқан осындай қуанышты жаңалықтарды бөлісу мақсатында «Хабар», «Қазақстан» телеарналары келді.

Міне, дәл осылай ІІ кезеңнің марапаттау салтанатын директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Досқазиева Ботагөз Қисамадинқызы ақ тілегін білдіре отырып, аудандық олимпиададан, басқа да олимпиадалардан жүлделі орын алған 30 оқушыны марапаттады. Аудандық олимпиададан оқушылар әр түрлі пәннен қатысқан, атап айтсақ: қазақ тілі, қазақ әдебиеті, биология, Қазақстан тарихы, орыс тілі, ағылшын тілі, физика, химия тағы да басқа көптеген пәндерден 2-3-орындар иеленген.
Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге, – деген өлең жолдарымен сахна төріне шақырғандиректордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, халық ағарту ісінің үздігі Ахимбекова Расхан апайІІІ кезеңнің марапаттау салтанатын жүргізді. Ақ батасын бере отырып, талантты жастарымызды ән-би байқауында жүлделі орын алғандары үшін 16 оқушыны қуана марапаттады. Бәрі де жоғары дәрежелі 1-2 орын иегерлері!
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты.
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін, – деп жалынды ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай, мектебіміздегі спорттық жарыстардан орын алған оқушыларымызды яғни ІV кезеңді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Аскерова Гүлжаухар апай жүргізді. Шын жүректен тілек айта отырып, 30-дан аса спортшыларды марапаттады. Жалпы мектеп бойынша 96 оқушы марапатталып, көңілді ән тыңдап, рухани азықтанып кештен керемет әсер алды.Қуаныштан жүздері бал-бұл жайнаған оқушылар әлі де талай асулардан асып, белестерді бағындырамыз деген жалынды оймен қайтты!
Қуанышты жаңалықпен бөліскім келген мақаламның соңында  жас дарындарға зор денсаулық пен толағай табыс тілей отырып,  мынадай жыр жолдарын жеткізгім келеді:
Ұрпағы, жан ашыры текті жердің,
Қашанда жүздерінен нұр көремін.
Болашақ ғалымдар да, даналар да,
Өздеріңнен шығады деп білемін.

Сатымбаева Жанар Манатқызы,
Әуезов ауданы Ғ.Мүсірепов атындағы
86 мектеп-гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі,
Алматы қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*