Home » Ашық сабақтар » Итпен танысу. Хуснутдинова А.Х

Итпен танысу. Хуснутдинова А.Х

  Мақсаты: Балаларға ит туралы түсінік беру. Иттің дыбысын салуды уйрету.  Дене мүшесімен таныстыру. Сөздік қорын молайтып, тілін дамыту.

Көрнекілік: Ойыншық ит.

Методикалық әдіс-тәсіл: көрсету, түсіндіру, қайталау, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс: ит, жұмсақ, әдемі.

Оқу іс-әрекет барысы:

Кіріспе бөлім: Қонақтармен сәлемдесу.

«Үлкенге де сіз, кішіге де сіз ізетпенен сіздерге бас иеміз біз».

Балаларды орындықтарына үстел басына отырғызу.

Негізгі бөлім:

– Балалар бүгін бізге қонаққа ит келді?

– Балалар ит қандай әдемі!

Көркем сөз:

Итім менің сақ құлақ

Келеді әне шапқылап.

Сақтығыңды көрейін

Қой бағуға берейін.

– Итті ұстап корейік. Ит қандай?

– Жандос айта қойшы!

–Иттің денесі жұмсақ.

Иттің дене мүшелерімен танысу.

– Ақбаян иттің басы қайда?

– Міне деп көрсетеді.

– Жарайсың

– Ал, басында не бар?

– Міне көзі, құлағы, тұмсығы бар.

– Жарайсың.

– Ал құйрығы қайда?

– Саша көрсетеді.

– Жарайсың.

– Дұрыс, төрт аяғы бар, түсі қоңыр.

– Балалар ит қандай дыбыс шығарады?

– Қәне Мадияр айта қойшы.

– Мадияр аф-аф, деп дыбыстайды.

– Балалар қәне бәріміз бірге иттің дыбысын салайық (аф-аф).

– Жарайсыңдар.

–Балалар бүгін біз итпен таныстық, оның дыбысын салдық. Енді итті шығарып салайық.

Ит балалармен қоштасады.

–Балалар бүгін біздің ойынымыз өте қызықты болды.

Балаларды мадақтау.

Қимылды ойын: «Көңілді поездь».

Шарты: Балаларды қатарға тұрғызып бірінің белінен бірі ұстап қатармен поездың дыбысын салып жургізу.

Балаларды мадақтау.

 

 Хуснутдинова А.Х,
«Үміт» мамандандырылған бөбектер үйі,
Тараз қаласы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*