Home » Ашық сабақтар » Жануарлар әлемінде. Қасымова Гүлнәз Әміреқызы

Жануарлар әлемінде. Қасымова Гүлнәз Әміреқызы

Жануарлар әлемінде

Мақсаты: Жануарлар атауын ағылшын тілінде атай білу. Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, тапсырмаларды орындату. Ойлау қабілеттерін арттыру. «Тілашар» электрондық кітабы арқылы сөздік қорларын байыту.
Қолданылған көрнекіліктер: Интерактивтік тақта, электрондық кітап «Тілашар», планшет, күн панелі.
ҰОІӘ барысы:
Мұғалім: Hello children!
Good morning!
Балалар: Hello Гульназ Амиреқызы!

Good morning, good morning,

Good morning to you!

Good morning, dear teacher,

Good morning to you!

Мұғалім: Балалар оқу іс-әрекетін бастамас бұрын әдетте біз нені қайталаймыз? Балалар 20 ға дейінгі сандарды интерактивтік тақтадада көрсетіліп тұрған видеомен бірге орындайды.

Very good, children! And now watch multfilm about animals. Балалар енді интерактивті тақтадағы ағылшын тіліндегі мультфильмге назау аударайық. Ал балалар мультфильмді тусіндік пе? Не туралы екен?

Балалар: Жануарлар жайлы

Мұғалім: Жарайсыңдар балалар! Ендеше бүгінгі жаңа сабағымыз жануарлар жайында болмақ. Интерактивті тақтадағы слайдқа назар аударамыз. Look at the interactive board.

New words: monkey, lion, tiger, fox, wolf, panda, bear, kangaroo, mouse.

Балалар енді осы жануарларға байланысты әр түрлі тапсырмалар орындайық.

Ең бірінші тапсырма интерактивті тақтадан бастаймыз.

1-Тапсырма: «Жануарларды сана».

Шарты: Шашылып жатқан жануарларды интерактивті тақтаның қаламы арқылы әрқайсысысын өз орнына апарып санайды..

Жануарлар: four bear, three rabbit, two fox, one lion.

Мұғалім: Жарайсыңдар балалар! Келесі тапсырма «Жануарлардың қорегін тап».

Шарты: Интерактивті тақтада берілген жануарлардың қасына қоректерін интерактивті тақтаның қаламы арқылы апару.

Мұғалім: You are wonderful! Енді 3ші тапсырмамыз планшет және күн панелі арқылы болмақ.
Шарты: Планшетте берілген жануарды құрастыру және құрастырып болған соң ағылшынша аталуын айту. Күн панелінде берілген жануарлардың түстерін табу және түстерімен қосып ағылшынша айтылуын айтып беру.

 

 

 

 

 

 

 

Балалар енді бойымызды сергіту үшін орнымыздан тұрып «If you are happy» әнін айтайық.

If you’re happy happy happy clap your hands

If you’re happy happy happy clap your hands

If you’re angry angry angry stomp your feet

If you’re angry angry angry stomp your feet

If you’re scared scared scared say, “Oh no!”

If you’re scared scareds caredsay, “Oh no!” (Say, “Oh no!”)

If you’re sleepy sleepy sleepy take a nap

If you’re sleepy sleepy sleepy take a nap

Мұғалім: Very good children! Look at interactive board. Келесі тапсырма «Артық жануарды тап».
Шарты: 4 жануардың ішінен бір артық жануардың атын атау.
Жарайсыңдар балалар! Барлық тапсырмаларды өте жақсы орындадыңдар. Енді Дора досымыз бүгінгі «Жануарлар әлемінде» тақырыбының жаңа сөздерін қалай меңгергендеріңді білгісі келіп тұр. Енді Дораны тыңдайық:

Дора: Nurbek answer my question. What Kazakh for kangaroo?

Dimash answer my question. What Kazakh for fox?

Aida answer my question. What Kazakh for bear?

Мұғалім: You are so so clever! Енді бүгінгі оқу іс-әрекетіне Тілашар кітабының берер бағасын білейік. Қанекей Нұрым қаламды алып электрондық кітапты сөйлетіп көрші.

Тілашар: өте тамаша болды – it was splendid.

Мұғалім: The lesson is over! Good bye children!

Балалар: Good bye, Гульназ Амиреқызы

Сонымен бүгінгі оқу іс-әрекеті аяқталды. Қош сау болыңыздар!

 

 

Қасымова Гүлнәз Әміреқызы,
№ 43 «Гүлдәурен» мектепке дейінгі ұйымы,
Ақтөбе қаласы

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*