Home » Оқу-әдістемелік материалдар » Қарым-қатынаста жетістікке жету. Ақбота Ермаханова

Қарым-қатынаста жетістікке жету. Ақбота Ермаханова

ұжыммен тренинг

Мақсаты: сенім арттыру, ашық сөйлеуге үйрету, қарым-қатынас орнату.

Міндеттері: Қабылдарлық формада ашуды тарқатуға үйрету, Өзара түсіністік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған топтық жұмыстар, Топпен жұмыс жасау барысында мейрімділік атмосферасын орнату.

Психологиялық технологиялар: ойын технологиясы, музыка терапия

Шағын кіріспе

Қарым қатынастың жетістікке жеткізер жолдары бар:

  1. Оқып үйрену.
  2. Тәжірибе алмасу.
  3. Әділ тәсілдерді іс жүзінде қолдану.
  4. Әр үйренген нәрсені қай жерде, қалай пайдалану.
  5. Ерік-жігерді талап ету.
  6. Үлгі алу.

Көңілге ықыласпен тоқу

Тренинг ережесін бекітеді. Мысалы: бірін-бірі сылау, тыңдау және т.б

 

                                        І. «Танысу кеші»

Қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, бір-бірін жетік таныстыру. Өкінішке орай, тәрбиеші мен педагог – психолог қарым-қатынас жасау барысында оптимистик көзқараспен қарамайды. Сондықтан да бүгінгі кездесудің эпиграфы ретінде «Еркін әңгімені» таңдап алдым. Сіздермен тереңірек танысу үшін мына жіпті сіздерге беремін, сіздер сөйлемді аяқтап, жіпті келесі адамға бересіз.. Солай бәріміз бір-бірімізбен байланысқа түсеміз.

Педагог-психолог өзін таныстырады.

-1-2 сөйлем арқылы қайда жұмыс істейсіз?

-Аты жөніңіз?

-Мінезіңіз қандай?

                                       ІІ. «Қызығушылық бұрқасыны»

Мақсаты: Қатысушылардың арасындағы қарым-қатынасты жақсарту; бір-біріне көңіл бөлу.

Барлығы қағаз бетіне неге қызығатынын, алдына қойған қандай мақсаттары бар екенін жазып оны домалақтап, бір-біріне лақтырады. Қағып алған адам қағазды лақтырады.

                                        

ІІІ. «Ашық әңгіме»

Көздеріңізді жұмыңыздар да, ең алғаш балабақшаға, жұмысқа келген кездеріңізді еске алыңыздар. Сіздер қандай едіңіздер, ойларыңыз, сезімдеріңіз қандай болды? Ал енді, сіздердің балабақшадағы алғашқы күндеріңізді суретке түсіріп алды. Енді сол суретке қарай отырып, сол жылдағы жұмысқа келген кездегі жағдайыңыз қандай болды?

Ал енді қазір сізді суретке түсіреді, қазіргі кездегі суретіңіз қандай болады, сіз оған не айтасыз?

Талқылау: не өзгерді

ІУ.«Мен сенемін жаттығуы»

Мақсаты: Ұжым арасындағы өзара сенімділігін арттыру;

Мен өз ұжымыма сенемін, болашақта менің ұжымым…….

Сөйлемін жалғастырып айту.

Психолог: Сөйлемді аяқтағанда қандай сезімді болдыңыз?

-Ал, әріптестер сіздер қандай әсер алдыңыздар?

У. «Жол ойыны» жаттығуы

Матаға маркермен бұрылыстары көп жолдар салынады, яғни лабиринт және көрсетілген жолмен жүретін кез келген шағын дөңгелекше қажет. Топ матаны керіп қолдарымен ұстап тұрады. Нұсқаушы белгі бергеннен кейін мата үстіндегі шағын дөңгелекшені керілген матаның көмегімен жылжытып барлық жолдардан өтіп шығады. Ойын кезінде сөйлеуге болмайды. Сөйлеген жағдайда немесе дөңгелекше жолдардан шығып кеткен жағдайда жаттығуды қайта бастайды. Қашан толық өтіп шыққанша жалғаса береді. Жаттығудың да мақсаты осы. Топпен бірлесе жұмыс істегенде ғана тиімді нәтижеге жетеміз. Жаттығу біткеннен кейін қатысушылар өз ойларын, пікірлерін білдіреді.

                                    УІ. «Жан жылуы» релаксациялық жаттығу

Бұл медитативтілік техника денедегі қысымды түсіруге бағытталған, музыкамен орындалады.

Қандай сезімде болдыңыз? Не сезіндіңіз?

                                       УІІ. «Қарым-қатынас шеңбері»

Мақсаты: Ұжым арасындағы қарым-қатынасты орната білу. Ұстаздарға жіп тағылған шеңбер және стақанға құйылған су беріледі.

Психолог: Жалпы біз әрқайсымыз, әр балабақшада қызмет етеміз. Бірақ біздің алға қойған мақсатымыз балаларға білім, білік дағдыларын, рухани адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру болып табылады.

Біз ұжым болып бірлесе жұмыс жасасақ, алынбайтын қамал жоқ. Сол себепті алдымыздағы шеңбер үстіндегі стақандағы суды төгіп алмай бірлесе көтеруіміз қажет.

                                    УІІІ. «Алақанға жан бітір» арттерапия ойыны

Жүргізуші қатысушыларға альбом парағына алақанның суреті салынған ақ парақ беріп, оған жан бітіру керектігін ұсынады. Алақанға бүгінгі сабақта және тренингте алған әсерлеріңізді алақанның ортасына салып, біздің ұжымға деген тілектеріңізді жазасыздар.                                                

Қорытынды.

Ұжым арасында биік белестерге жетіп, алдарыңыздағы өмірлеріңіз ашық жарқын болсын деген тілекпен бүгінгі тренингімізді аяқтаймыз. РАХМЕТ!

                                                      Ақбота Ермаханова,
«Балауса» бөбекжай балабақшасының
педагог-психологы,
ОҚО, Созақ ауданы,
Шолаққорған ауылдық округі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*