Home » Оқу-әдістемелік материалдар » «Экономика және бизнес» арнайы курс бағдарламасы

«Экономика және бизнес» арнайы курс бағдарламасы

9-сыныпқа арналған «Экономика және бизнес» арнайы курсының бағдарламасы әрбір тақырып және тарау бойынша жетік, терең қарастырып, экономика мен бизнес туралы жалпы түсінік қалыптастырады және коммерциялық география негіздерімен таныстырады. Курс бағдарламасы география пәні мұғалімдеріне тиімділігі мол көмекші құрал болып табылады.

Түсінік хат

Бұл бағдарламалар географиядан өтіліп жатқан материалдарды нақтылау, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мен шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында орта мектепте мемлекеттік стандартқа сай білім алу деңгейін қамтамасыз ете отырып 9 сынып «Экономика және бизнес» бағдарламасы қарастырылды. Аталған бағдарламалар оқушыларға қоғам мен қоршаған орта арасындағы қарым-қатынасы туралы білім бере отырып, жаратылыстану ғылымындағы білімін өмірде қолдана білулері арқылы болашақ мамандықтарын таңдай білуге көмекші ретінде 9 сынып оқушыларына арналған. Әрбір бағдарлама жылына 34 сағат, аптасына 1 сағатқа құрылған. Бағдарламалар функционалдық сауаттылығының қалыптасуын тексеруге арналған тапсырмалар арқылы оқушылардың ОЖСБ мен ҰБТ-ға, халықаралық салыстырмалы зерттеулерге дайындығына көмектеседі.

9-класқа арналған «Экономика және бизнес» арнаулы курс бағдарламасы жылына 34 сағат, аптасына 1 сағатқа жасалған. Арнаулы курс бағдарламасында «Қазақстан Республикасының экономикасы», «Экономикадағы тұтынушы. Табыс көздері», «Өндіріс. Фирмалар. Бәсеке», «Бизнес – экономикалық категория» бөлімдері бойынша оқушыларға экономикадағы, бизнестегі, халықаралық қатынастардағы өзекті мәселелерді оқып-үйрете отырып, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру мен өмірге бейімділіктерін ұштау.

Бағдарламаның өзектілігі: дүниежүзілік қауымдастықта болып жатқан саяси процестерге белсене араласып, көптеген елдермен тұрақты саяси және экономикалық байланыс жүргізіп отырған ел азаматын тәрбиелеуде курстың берері мол.

Бағдарламаның мақсаты: оқушылардың бойында ғылыми-жаратылыстану білімдерін, түсініктерін және табиғат пен қоғамның өзара жүйелі байланысын, жүйелі-кешенді ойлау мен функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыруға көмектеседі.

Бағдарлама мынандай міндеттерді шешуге арналған:

  • экономикадағы,
  • бизнестегі, халықаралық қатынастардағы өзекті мәселелерді оқып- үйренуге көмектесу;
  • курс бағдарламасында берілген материалдардың көлемі оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай алынуы;
  • физикалық, экономикалық бағыттағы ойлау қабілеттерін дамыту;
  • әртүрлі шығармашылық сипаттағы тапсырмалар арқылы функционалдық сауаттылығын дамыту және қалыптастыру;
  • өмірлік жағдаяттармен байланыстырылған мазмұндағы табиғи құбылыстар, процестер, объектілер туралы тапсырмаларды түсіну және интерпретациялау;
  • Баланың ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес, жалпы тәлім-тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен бірге, ойлау, қиялдау, есте сақтау, елестету және т.б. қабілеттерінің; танымдық, іскерлік, шығармашылық қасиеттерін дамуын қамтамасыз ету;
  • Оқушыларды ғылым мен өндірістің негізгі бағыттарының дамуымен, экономикалық проблемаларды шешуде, географияның техника мен технологиялардағы ролімен таныстыру;
  • Әлемнің қазіргі заманғы көрінісін ойлау мен қазіргі заманғы білімді, мәдениетті және құзіретті тұлғаға қажетті білім және қызмет тәсілімен қаруландыруда географияның маңызды үлес қосатынын түсіндіру;
  • Бағдарлама бойынша оқушылар нені меңгеру керек:
  • дүниежүзілік дамудың аса маңызды белгісі, біртұтас дүниенің артып келе жатқан өзара тәуелділігін табиғатта болып жатқан өзгерістердің себептерін анықтау;
  • баға беру және оның зиянды жақтарының алдын алу;
  • әлемдік өркениет және модернизация түсіну;
  • өз ой-өрісін ғылыми тұрғыда дамыту;
  • туған өлкенің тарихи деректерін жинақтау, іскерлігін дамыту;
  • ғылыми іскерлігін кеңейту.
  • Күтілетін нәтиже:
  • Табиғат пен қоғам арасындағы заңдылықтар туралы дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастырады;
  • Тапсырмалар орындау арқылы бұрынғы меңгерілмеген материалды қайталау және қорытындылау жүзеге асады;
  • География ғылымының таңдаған мамандығында қажеттігін сезінеді, қалаған мамандығына дұрыс таңдау жасайды;
  • Теориялық білімін іс жүзінде қолдана біледі;
  • Ұжымда, топта әртүрлі тұрғыдағы оқу және өмірлік мәселелерді шешуде, жаратылыстану білімін пайдалана алады;
  • Географиялық білімді меңгерген, танымдық қызығушылығы қалыптасқан, заман талабына сай білімді, оқып-зерттеу жұмыстарын жүргізе алатын оқушы дайындау;
  • Айналадағы өмір құбылыстарын, ерекшеліктерін байқай отырып, білуге қызығушылығы туындайды, осы сезім оны талпыныстарға жетелейді; Кіріспе /2 сағат/ Қазақстан экономикасы: кешегісі және бүгінгісі. Реформа кезеңдері. Ішкі жиынтық өнім. Жекешелендіру мен мемлекет қарамағынан алу. Қазақстандағы экономикалық жүйе. Нарықтық экономика (Өндіріс факторларының, еңбек, қаржы капитал, тұтыну тауарлары, инвестициялық тауарлар нарығы). Қазақстан экономикасының дамуын белгілейтін факторлар. Орнықты даму және тұсау болатын факторлар. Мемлекеттің экономикадағы рөлі.ІІ бөлім. Экономикадағы тұтынушы. Табыс көздері /10 сағат/ Өндіріс. Қажеттілік және қажеттілік пирамидасы. Өндіріс факторлары. Табиғи, капиталдық, адам ресурстары. Өндірісті шоғырландыру. Бәсеке. Жетілген бәсеке. Монополия, олигополия. Монополистік бәсеке. Бағадан тыс бәсеке. Патент. Лицензия. Бірлесу пішіндері ( картель, синдикат, концерн, трест). Ірі ұлттық компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі («ҚазақОйл», «Испат-Кармет» т.б.).ІҮ бөлім. Бизнес – экономикалық категория /9 сағат/ 
  • «Экономика және бизнес» арнаулы курсының тақырыптық-күнтізбелік жоспары. Барлығы – 34 сағат, аптасына – 1 сағат
  • Бизнесті ұйымдастырудағы негізгі пішіндер (формалары). Жеке бизнес: артықшылықтары мен кемшіліктері. Бизнес ұйымдастырудағы серіктестік (ЖШС, АҚ т.б.). Бизнестің ішкі және сыртқы функциялары. Бизнестің экономикадағы рөлі. Бизнес жоспар құру. Экономикалық терминдер.
  •  
  • ІІІ бөлім. Өндіріс. Фирмалар. Бәсеке. /5 сағат/
  • Табыс көздері. Жинақ ақша және оның көлеміне әсер ететін факторлар. Тұтынушылардың шығыс ақшасы. Тұтынушылар шығаратын шығын. Жарнаманың рөлі. Жарнаманың артықшылығы мен кемшілігі. Жарнаманың өтірігі. Тұтыну бюджетін жоспарлау. Тұтыну кредиті. Кредит беру шарттары. Кредиттің артықшылығы мен кемшілігі. Қамсыздандыру. Қамсыздандырудың пішіндері мен түрлері. Тұтынушылардың құқын қорғау. Тұтынушы нарықта.
  •  
  • І бөлім. Қазақстан Республикасының экономикасы /8 сағат/
  • Экономиканы үйрене бастайық. Экономикадағы басты мәселелер. Макроэкономика. Микроэкономика. Әміршіл экономика. Аралас экономика. Бизнес туралы түсінік. Кәсіпкерліктің қысқаша тарихы.
  • Бағдарламаның мазмұны мен құрылымы
  • Тапсырмаларды өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім жасау, өз ойындағысын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік-жігерлі, дүние танымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дами алады.
Тақырыптың мазмұны Сағат саны Мерзімі
  Кіріспе 2  
1 Экономиканы   үйрене бастайық 1  
2 Бизнес туралы түсінік 1  
  І бөлім. Қазақстан Республикасының экономикасы 8  
3-4 Қазақстан экономикасы: кешегісі және бүгінгісі 2  
5 Қазақстандағы экономикалық жүйе 1  
6-8 Нарықтық экономика (өндіріс факторларының, еңбек, қаржы капитал, тұтыну тауарлары, инвестициялық тауарлар нарығы) 3  
9 Қазақстан экономикасының дамуын белгілейтін факторлар 1  
10 Мемлекеттің экономикадағы рөлі 1  
  ІІ бөлім. Экономикадағы тұтынушы. Табыс көздері 10  
11 Қажеттіліктер мен тұтынушылар 1  
12-13 Табыс көздері. Жинақ ақша 2  
14 Тұтынушылардың шығыс ақшасы 1  
15-16 Жарнаманың рөлі. Жарнаманың артықшылығы мен кемшілігі 2  
17 Тұтыну бюджетін жоспарлау 1  
18-19 Тұтыну кредиті. Кредит беру шарттары 2  
20 Қамсыздандыру. Тұтынушылардың құқын қорғау 1  
  ІІІ бөлім. Өндіріс. Фирмалар. Бәсеке 5  
21 Өндіріс. Өндіріс факторлары 1  
22 Өндірісті шоғырландыру 1  
23 Бәсеке. Жетілген бәсеке 1  
24 Монополия, олигополия. Монополистік бәсеке. 1  
25 Ірі ұлттық компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі («ҚазақОйл», «Испат-Кармет» т.б.) 1  
  ІҮ бөлім. Бизнес экономикалық категория 9  
26 Бизнесті ұйымдастырудағы негізгі пішіндер (формалары) 1  
27-28 Жеке бизнес: артықшылықтары мен кемшіліктері 2  
29 Бизнес ұйымдастырудағы серіктестік (ЖШС, АҚ т.б.) 1  
30 Бизнестің ішкі және сыртқы функциялары 1  
31 Бизнестің экономикадағы рөлі 1  
32 Бизнес жоспар құру 1  
33 Экономикалық терминдер 1  
34 Қорытынды 1  

Лариса Фарухқызы Избанова,
жоғары санатты география пәні мұғалімі,
ЖОББ Шипов мектебі,
БҚО, Тасқала ауданы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*