Home » Жаңалықтар » Қызықты тренинг

Қызықты тренинг

Бүгін Екібастұз қаласында Абай Құнанбаев атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебінде «Білім айнасы» республикалық ғылыми-танымдық газетінің меншікті тілшісі Айгүл Молдаш «Педагогикалық шығармашылық дағдыларын дамыту» атты семинар өткізді.

Іс-шараға мектебімізден 37 мұғалім қатысты. Тренинг барысында Айгүл Молдаш мақала түсінің қыр-сырымен таныстырды. Оқырмандарды қызықтыру үшін, оның құрылымымен, дұрыс жазу үлгісімен бөлісті. Әріптестер алған білімдерді қорытындылау мақсатында мұғалімдерге мақала жазу ұсынылды. Мұғалімдердің жазған мақалалары құрылымына сәйкес талқыланды. Семинарда жазылған мақалалар бірден «Білім айнасы» республикалық ғылыми-танымдық газетінің сайтына жолданды.

Бүгінгі өткен тренинг бізге өте ұнады. Енді біздің мұғалімдер жазған еңбектер, өткізген сабақтарын «Білім айнасы» республикалық ғылыми-танымдық газетіне немесе сайтына жүктеп тәжірибе алмаса алады.

Джагпарова Алтынай Муканбадьяновна,
Абай Құнанбаев Атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебі,
География пәні мұғалімі,
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы

Facebook арқылы пікір жазыңыз

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*