Home » Жаңалықтар » Ұлы дала елінің тәуелсіздігі

Ұлы дала елінің тәуелсіздігі

  

Екібастұз қаласындағы Абай Құнанбаев атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебінде 2017-2018 оқу жылында Тәуелсіздік күніне орай бастауыш сыныптар арасында «Тәуелсіз ел – Қазақстан» атты тәрбие сағаты өтті.

Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі, күшті алтын діңгегі. Бұл мереке оқушылардың патриоттық сезімдерін оята отырып, Отанды сүю, Қазақстан азаматы екенін сезіне білу, елінің адал ұл-қызы бола білуге, жанашыр азаматы болуға жетелеу мақсатында қарқынды өтті. Бұл тәрбие сағаты елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен байланыстырылып, әр түрлі ұлттар достығы, қазақ халқының қонақжайлылығы сияқты ұлт құндылықтарын жаңғырту мақсатында мерекеге қатысқан сынып жетекшілер мен оқушылар: қазақ ұлты, татар ұлты, грузин ұлты және өзбек ұлттарының өнерін тамаша етіп көрсетті. Әртүрлі кейіпкерлермен ойын-сауық, қызықты тапсырмалар орындалып, оқушылар өз өнерлерін ортаға салды.

Тәрбие сағаты өте көңілді өтті. Бұл мереке оқушылардың көңілін шаттыққа бөлеп, жүректеріне ерекше әсер қалдырды. Оқушылар Ұлы дала тәуелсіздігіне берік болу үшін үлес қосып, елінің патриоты екендігін дәлелдеді. Еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болғай!

Сексенбаева Лаззат Оразбаевна,
 Алишева Назгуль Сулейменкызы,
Абай Құнанбаев атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектеп,
Бастауыш сынып мұғалімдері,
Павлодар облысы
Екібастұз қаласы

Facebook арқылы пікір жазыңыз

One comment

  1. Тауелсиздик ел жасасын.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*