Home » Мақалалар » Білім негізі – бастауышта

Білім негізі – бастауышта

Бұл сөз тегін айтылмаған деп ойлаймыз. Мөп-мөлдір бұлақ көзінің қайнар бастауы болатындай білім саласында да барлық білімнің бастауы бастауыш сыныптан басталатыны айдан анық. Бүгінгідей білім саласында болып жатқан үлкен өзгерістер, яғни, жаңартылған білім беру мазмұнына көшу кезеңінде де бұл игі бастаманың көш басында бастауыш сынып мұғалімдері тұрды.

Осындай жаңа бастаманы қолдайтын, іске асыратын жаңашыл мұғалімдердің бір тобы Екібастұз қаласындағы Абай Құнанбаев атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып бірлестігінде тынбай еңбек етуде. Бұл ұжымда еңбек етіп жүрген жаңашыл ұстаздардың арасынан осы мектепте ұзақ жылдар бойы ұстаздық етіп келе жатқан С.З. Ахметова, М.М. Кабдуллина, А.Қ. Жусупова сынды майталман ұстаздарды ерекше атап өтуге болады. 30 жылдан аса бар білімін, тәжірибесін кішкентай бүлдіршіндерді білімге баулуға, тәрбиелеуге арнаған бұл ұстаздар алдынан түлеп ұшқан түлектер – бүгінде еліміздің дамуына үлес қосып жүрген бір-бір білікті мамандар.

Бұл мұғалімдердің жолын жалғастырып келе жатқан мұғалімдер Қ.М. Калыкова, А.К. Айтжанова, Қ. С. Букаева, С.Қ. Балтабаева, А.Ж. Утеубекова, Г.С. Касымова, С.Ж. Калиакбарова, Д.Н. Сарсекенова сияқты ұстаздар толқыны келеді. Аталған мұғалімдерді бастауыш сынып бірлестігінде өтетін түрлі іс-шаралардың бел ортасында жүретін, оқу үрдісіндегі жаңа тәсілдер мен әдістерді меңгеруде де жоғары біліктілік деңгейін көрсететін жаңашыл ұстаздар деп айтсақ артық болмас еді.

«Жас келсе іске» демекші, бұл бірлестікте еңбек жолын жаңа бастап жатса да болашағынан үлкен үміт күттіретін жас буын мұғалімдері Б.С. Акишева, А.Т. Икбаева, Л.О. Сексенбаева, Н.С. Алишева еңбек етуде. Олар әр уақытта өз мамандығының қыр-сырын үйренуден жалықпай, үнемі біліктіліктерін арттырады.

Қорыта келе, осындай білімді де, білікті, жаңашыл ұстаздары бар ұжымның да, олардан білім алатын жас ұрпақтың да алар биігі, асар асуы жоғарыдан болмақ деп сенеміз.

Касымова Гульбахыт Сансызбаевна,
 Утеубекова Алмагуль Жылкайдаровна
Абай Құнанбаев атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектеп,
Бастауыш сынып мұғалімдері,
Павлодар облысы,
Екібастұз қаласы

2 пікір

  1. Рымжан

    Барлык айткан дурыс!!!

  2. Рымжан

    Мне очень понравилась статья

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*