Home » Оқу-әдістемелік материалдар » «Біздің көпұлтты мемлекет» тақырыбында деңгейлік тапсырмаларды орындау

«Біздің көпұлтты мемлекет» тақырыбында деңгейлік тапсырмаларды орындау

Бүгінгі таңдағы басты мәселелердің бірі – басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, қолдану аясын кеңейту – баршамыздың басты парызымыз. Осындай күрделі міндетті ойдағыдай орындау үшін мұғалімге бұрынғыдан да зор талаптар қойылады.

Оқытудың жаңа технологиясының бірі – педагогика ғылымының докторы, профессор    Ж. Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесі іліміне сүйене оқыту болып табылады. Нәтижеге жету үшін оқушылардың білімі мен деңгейіне байланысты тапсырмалар құрастыру қажет. Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру үшін ойлай білетін, өз ойын қазақ тілінде жеткізе алатын, сауатты, еліне еңбек ете білетін, қабілетті жастар керек. Оқушының ойлау және сөйлеу тілін дамыту мақсатында деңгейлік тапсырмалар беру ұсынылады. Сол арқылы оқушының деңгейі анықталып, білімін тереңдетіп, белсенділігін күшейтеді. Деңгейлік тапсырмаларды дайындап, оқушылармен жұмыс жүргізудегі негізгі мақсат: баланың қабілетін ашу, шығармашылығын шыңдау, іздендіру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушының қабілеті, ақылы, біліктілігі, сөздік қоры жетіледі. Әр деңгейлік тапсырманы орындаған сайын оқушы жақсы орындауға талпынады. Мұғалім де, оқушы да шығармашылықпен жұмыс жасайды, сондықтан да оқушыларды өз бетімен жұмыс істеп, білімін тереңдетуі үшін оларды іздендіру керек.

Бірінші деңгейлік тапсырма оқушының есінде қалуға ыңғайлы, өмірмен байланысты болуы керек.

Екінші деңгейлік тапсырма түрленіп, күрделене түседі. Мазмұны өткен тақырыпқа байланысты түрленген, ойлауды қажет ететін, оқушы өз бетімен жұмыс жасауға лайықты тапсырмалар.
Үшінші деңгейдегі тапсырмалар орындау арқылы оқушы өзі тұжырым жасайды. Мұғалім нұсқаушы, бағыт беруші, кеңесуші ретінде болады. Оқушының өзі сөздіктерді пайдаланып, мәтіндерді аударады. Берілген мәтіндерге сұрақ ойлап жазады. Өзіне керек материалдарды іздеп, тауып оқиды.

Төртінші деңгейлік тапсырма дарынды, қабілеті жоғары балаға арналады, тақырып беріп, ізденуге өзі мақсат қояды. Мұғалімнің көмегісіз барлығын өзі орындай біледі. Ертеңгі күннің бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын – білім. Тек білімді ұрпақ қана қоғамға қозғаушы болатыны сөзсіз. Қазір білім беру жүйесінің алдында қоғамдық құндылықтарды, мәдениетті, шығармашылыққа бейімделген міндеттерді атқара алатын тұлғаларды дайындау міндеті тұр. Сондай-ақ, біз мектепте өз шәкірттеріміздің бойында жоғары дәрежелі білім, біліктілік пен дағдыны қалыптастыруды қамтамасыз етеміз. Оқушыларымыздың өмірлік жағдаяттарды өздерінің алған білім, біліктілік дағдыларын дұрыс қолдана алуына жағдай жасау – біздің ұстаздық міндетіміз. Демек, қазақ тілі пәнін оқыту барысында өзіндік ой-толғамын жеткізе алатын, кез-келген адаммен тілдік қарым-қатынасқа түсе алатын, білімді, құзыреттілігі жоғары тұлға тәрбиелеу керек. Келешекте жоғары білімді, шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын, саналы, белсенді, құзыреттілігі жоғары тұлға қалыптастыруда атқарар еңбектерім әлі де алда деп есептеймін.

Сабақ екі бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлім және негізгі бөлім.

Кіріспе бөлімде мәтін («Біздің көпұлтты мемлекет») тақырыбы берілген. Мәтін бойынша оқушы оқылым әрекетін іске асырады.

Негізгі бөлімде тілдік бірліктер арқылы мәтіннің мазмұнын толығырақ меңгереді. Жаңа сөздерді игере отырып, сұрақ-жауап әдісін арттырады, ойлау қабілетін туындатады. Грамматикалық байланысқа түсу арқылы жазылым әрекетін орындап, сөздік қорды молайту үшін сөйлем құрастырады. Проблемалық ситуация бойынша өзінің ойын шыңдайды, яғни өмірдегі мәселенің шешу жолын қарастырады. Тақырып бойынша алған білімін бекіту немесе қорытындылау үшін «Қазақстан – тәуелсіз ел», «Әр ұлттар арасындағы татулық» атты тақырыптар бойынша, өз елі, туған жері, достық туралы ойын түйіндейді, монолог, эссе жазады.

Кіріспе бөлім

«Алтау ала болса,

Ауыздағы кетеді.

Төртеу түгел болса,

Төбедегі келеді»

«Біздің көпұлтты мемлекет»

Тыңдалым. Отан, туған жер, Қазақстан еліне қатысты мәтіндерді түсіну.

Оқылым. Отан, туған жер, Қазақстан еліне қатысты мәтіндерді оқу.

Айтылым. Отан, туған жер, Қазақстан елі туралы баяндау.

Жазылым. Отан, туған жері, елінің сипаты.

Тілдесім. Еліне, туған жеріне байланысты сөйлесудің үлгілерін, сөздерді

қолданып, тілдеседі. Диалог – сұрақ. Диалог – жауап.

Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі. Отан, туған жер туралы мақал-мәтел, нақыл сөздер.

Ортадан жоғары деңгей. Тереңдетіле қалыптасқан игеріміне арналған білім мазмұнының сипаттамасы:

Тыңдалым бойынша:

Қазақстан елі туралы нақты, анық айтылған мәтіндерді; ауызекі тілде айтылған ақпаратты; электрондық оқуда берілетін жаңалықтарды түсінеді;

Тақырып бойынша тыңдай отырып, айтылған ойға, басты мазмұнға көңіл аудара алады. Тілдік қарым –қатынаста қолданылатын ұғымдардың анықтамаларын тыңдап, олардың білдіретін мағынасын дұрыс қабылдай алады.

Оқылым бойынша:

Отан, туған жер, ел туралы ұсынылған мәтіндерді оқи алады және түсінеді.

Айтылым бойынша:

Қазақстан – көпұлтты мемлекет туралы мағлұмат бере алады. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап береді, баламасын айтады. Тақырып бойынша өз ойын жеткізе біледі.

Жазылым бойынша:

Өзінің алған әсері туралы қысқа, шағын әңгімелер жаза алады. Пунктуация ережелерін сақтай біледі.

Тілдесім бойынша:

Сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлемдерді ұтымды қолдана алады. Әр түрлі жағдаяттарда сұхбат құра алады. Оқыған мәтін бойынша өз пікірін айта алады.

ЛЕКСИКА: ойдың мазмұнына қарай қажетті сөзді орынды қолданады, сөздіктермен жұмыс жасайды. Мәтінде берілген ойдың тақырыбын анықтай алады, лексикалық бірлікті меңгереді.

Сөз құрамы мен сөзжасам: туынды сөздерді ажырата біледі; жұрнақтар мен жалғауларды ажырата біледі. Сөз таптарының сөзжасамдық ерекшеліктерін ажырата алады.

Грамматика: сын есімді, сын есім жасайтын жұрнақтарды біледі.

Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра алады.

Деңгейлік тапсырмалар:

І – деңгей

  • Мәтінді мәнерлеп оқыңдар.
  • Сұрақтарға жауап жазыңдар.-Қазақстан қандай мемлекет? -Мектепте осы шараға қандай іс-шаралар жүргізілді?
  • ІІ деңгей
  • -Биыл Ассамблеяның неше жылдығын тойладық?
  • -Қазақстан Республикасының Елбасы кім?
  • Мәтіннің мазмұнын ашатын 5 сөйлемді теріп жаз.
  • «1-Мамыр Бірлік күні» деген мерекені қалай түсінесіңдер? СуретІІІ деңгей
  • бойынша әңгімелеңдер.
  • Мәтінді оқып, аударыңдар.

*   Мәтінге сұрақтар құрастырыңдар.

*   Қосымша ақпарат дереккөздерден қосымша мәлімет табу.

ІҮ деңгей:

* «Біздің көпұлтты мемлекет» тақырыбында шағын жоба құрастыр.

* Мәтін ішіндегі сын есім қатысқан сөйлемдерге морфологиялық талдау жаса.

Шоқаева Жанет Қырымқызы,
Хамзина Мадина Оразалиевна,
«№42 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Солтүстік Қазақстан облысы

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*