Home » Сценарийлер » “Біз спортты сүйеміз” атты эстафеталық жарыс

“Біз спортты сүйеміз” атты эстафеталық жарыс

Мақсаты: Балалардың спорттық сайыс арқылы салауатты өмірге деген қызығушылығын арттыру. Әртүрлі жарыстарды ала отырып, балалардың ептілігін, шапшаңдығын, дене тәрбиесі іс-әрекетіне және спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар, елімізді, жерімізді қорғайтын денсаулығы мықты ұлдарымыз бен қыздарымыз көбейе берсін деген тілекпен бүгінгі спорттық жарысымызды бастаймыз.

Жүргізуші: Көңіл қойып қараңыз,
Жалындап тұр ғой балаңыз.
Жарыссын, қане, барлық топ,
Қол соғып қарсы аламыз.

«Сұңқар» командасы «Ақкөгершін» тобының бүлдіршіндерің қарсы алайық.

«Дружба» командасы «Ботақан» және «Солнышко» тобының бүлдіршіндерін қарсы алайық.
Жүргізуші:     Өнерге биік өсіңіз,
Думанға қызық келіңіз. 
Әділқазы ел сенген,
Өнерге баға беріңіз, –дей отырып осы сайысымызға әділ баға беретін әділқазы алқасымен танысайық.                                                                                                                                                                                                  1.Балабақша меңгерушісі: Койшигулова Гауһар Ерболатқызы
2.Балабақша әдіскері: Аюпова Гүлдана Халелқызы
3.Балабақша медбикесі: Нурбергенова Амангүл Нүрбергенқызы
Жарыс ережесі бойынша командаларының сәлемдесуі  (Ұрандарын айтады)

Келіңіздер, келіңіздер,
Бақшамыз бүгін көңілді.
Қуаныштың себебін,
Айта алады кім енді,
– деп жарыс бөлімдерімен таныстырып өтейін.

Сайысымыз бес бөлімнен тұрады.
1-бөлім: «Кім жылдам?»
2-бөлім: «Кім озар?»
3-бөлім: «Тунельден өту»
4-бөлім: «Доппен секіру»
5-бөлім: «Тізбектелу»

Жүргізуші:

Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену, жалықпау, -дей отырып, сайысымызды бастаймыз.

1-бөлім: «Кім жылдам?»
Шарты:
Гимнастикалық орындықтан тартылып, кубиктердегі «1-5» дейінгі сандарды көлденен тура және кері жинау.
2-бөлім: «Кім озар?»
Шарты
: Құрсауды денесіне кигізіп шығарып «1-5 дейінгі сандарды тура және кері тігінен жинау.
3-бөлім «Туннельден өту»                                                                                                      
Шарты:
Туннельден өтіп шығып, үй және жабайы жануарларды бөліп алу.
4-бөлім: «Доппен секіру»
Шарты: Доппен секіріп, кеглиді айналып өту.                                                                                                                 5-бөлім: «Тізбектелу»                                                                                                                                                                                   Шарты: Бір-бірінің қолынан ұстап тізбектеліп барып, «16» кубикті құрау.
Жүргізуші: Өте жақсы, балалар, бүгін барлық командалар өте жақсы өнер көрсетті.

 Қазылар орнықтырар әділдікті. Бұл сайыста болады екен кімдер мықты, – дей отырып, ендігі кезекті әділқазылар алқасына береміз.
Жүргізуші:

Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады,
Жеңілгендер ренжемей.
Тараса бізге жарады, – дей отырып, спорттық сайысымызды аяқтаймыз.

Галиева Роза Жұмарыстановна,
«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Өркен» бөбекжай балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны, тәрбиеші

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*