Home » Сценарийлер » Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік

Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік

Тәрбие сағат мақсаты: Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, Желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау: жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.

Тәрбиеші: Құрметті балабақша ұжымы, ата-аналар, балабақша бүлдіршіндері, бүгін еліміздің сан мыңдаған жылдар бойы армандаған, сол жылда дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын «Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған «Елімнің еркіндігі тәуелсіздік» атты тәрбие сағатын назарларыңызға ұсынамыз.

«Көк тудың желбірегені» әуенімен залға ұл балалар жалау, қыздар қолдарына сары шар алып кіреді, шармен, жалаумен қимылдар жасайды).

Жүргізуші: Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін алып, дербес мемлекет болды. Біз өзіміздің рәміздерімізбен мақтанамыз. Қазақстан туымен тұғырлы, Елтаңбамен еңселі, Әнұранымен әйбатты.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

Тәуелсіздік күніне арнап жаттаған тақпақтарына кезек берейік.
Марьям: Тәуелсіздік таңын сүйем.
Таңмен бірге келді ме өлең.
Көк туына басымды ием,
Көгімізде желбіреген.

  • Балалар, Тәуелсіздік дегеніміз не?      

 

Жауабы: бостандық, еркіндік

Жансая
Аласармас аспанымда,
Күнмен гүлдеп ел өседі.
Қазақстан аспанында.
Бостандықтың желі еседі.

Арай
Маған қымбат ұлы елімнің,
Шешек атқан әр гүлі.
Аялайды бәрімізді,
Азаттықтың таң нұры.

Қарақат
Сарыарқаның даласында,
Күн шуағын төккен күн.
Елім менің, жерім менің,
Баққа қолы жеткен күн.

Нұрислам
Бостандығым тұңғыш рет,
Ақ қанатын қаққан күн.
Әже әлдилеп немересін,
Басы айналған бақтан күн.

Миннуллаева Айарудың орындауында «АСТАНА» әні


Біздің еліміз, Отанымыз қалай аталады?

  • Қазақстан Республикасы

 

Тәуелсіз Қазақстанның елордасы қай қала?

   – Астана                                                                                            

Астанамыздың көрікті жерлерін атайықшы.

«Бәйтерек, Ханшатыр, Ақорда, Пирамида»                                                              

Дарын

16 Желтоқсан –
Тәуелсіздік алған күн.
Мерекеде ел тосқан,
Шырқатып ән саламын.

Мейрамбек
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің – Қазақстан.
Мәңгі соғып тұратын,
Жүрегімсің – Қазақстан.  

Нұрәділ
Қазақ жері – Қазақстан,
Мөлдіреген ашық аспан.
Алыс кетсем сағынам,
Отаным – сен Қазақстан.

Абдрахман
Отан – менің жүрегім,
Отан – менің тірегім.
Отан – сенің саяңда,
Бақыт құшып жүремін.

11-әріпті жазу
Мейрамбек:       Т-     Білдіреді теңдікті
Али:                       Ә-   Әдептілік елдікті
Жансая:                У- уайымсыз уақытты
Диас                       Е-  егемен елдікті
Марьям:              Л- дейді лағып лепірді
Ибраһим:            С- Сенімділік секілді ең
Арай                      І- ілтипат пен ізет қой
Нұрасыл:            З-   Зиялық тілек қой
Айару:                 Д-   Шақырады достыққа
Мансур                І-   ілкімді боп сақтыққа
Нұрмұрат           К-
дейді күн боп көктегі көз алартпа, көршілерге қол сұқпа
– Міне, балалар, қандай сөз шығардық?
– «ТӘУЕЛСІЗДІК» сөзі шықты.                                                                        

«Жаса Қазақстан» әуеніне би қимылдары

Мансур: Тәуелсіздік – ұлы күнім,
Тұрсын жайнап төбемде.
Сен, жасай бер мәңгі бақи,
Қуанышқа бөлен де.

Аружан: Тәуелсіздік – Бақ туың.
Қолға ұстаған сәт бүгін,

Болсын дәйім шат күнім.
Нұрмұрат: Балабақша серпін нық,
Көкке атады бөркін жұрт.
Тәуелсіздік – ынтымақ.
Тәуелсіздік – еркіндік.

Нұрасыл:   Құтты болсын Тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Тату-тәтті халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі.

Алихан: Тәуелсіздік – ел болу
Ынтымақпен өрге озу.
Еркін және өзге елмен,
Терезесі тең болу.

Лұқпан: Өз меншігің
Тау, дала
Көкке өрле, самға да!
Сену, Келу тәубаға!

                                      Ән: «Елтаңбасы елімнің»
– Осы тәуелсіздік күнін алу үшін көптеген аға-апаларымыз қыршыннан кетті, осы аға-апаларымызды кім атап береді? (Ләззат Асанова, Сабира Мухамеджанова, Ербол Спатаев, Қайрат Рысқұлов) Міне, балалар, бұл азамат, азаматшалар Желтоқсанның Қаһармандары. Олардың Тәуелсіздік жолындағы ерлігі, қайсарлығы біз үшін өнеге болмақ.

Айару: Тәуелсіздік еліміз,
Мәңгі жасар жеріміз.
Тәуелсіздік жасаған,
Аға-әпкелеріміз.

Ибраһим: Желтоқсанның ызғары-ай,
Кірпікке қатқан мұздар-ай.
«Елім-ай» деп егілген,
Қаһарман ұлдар, қыздар-ай.

Айгерім: Мереке бүгін, ұлы күн,                                                                                                                                                                                                                    
Бабалар рухы көксеген.
Азатты елдің ұлымын.
Теңескен төбем көкпенен.

 

Диас: Туған жерде толамыз,
Ертең жігіт боламыз.
Отан-ортақ үйіміз,
Көңілді ән күйіміз.

Ахмат: Егеменді ел бақыты ертеңгі,
О, халайық Құтты болсын қуаныш!

Жүргізуші: (Музыка әуенімен өлең жолын оқимын)
Биік ұш бейбітшілік көгершіні,                                                                                                                                   Асып өт келер мұқит, келер шыңы.                                                                                                                     Қанатыңды қаққанда бірге естілсін,
Әлемге жас ұрпақтың өршіл үні.
(Көгершін залды айналап жүріп, қолдарындағы шарларымен тақпағын айтады).

Дарья: Мәпелейді, баптайды,
Мендей аппақ ақ құсты.
Бейбітшілік құсы деп
Барлық адам мақтайды.                                                                                                                                                                     Жүргізуші: Балалар көгершін-бейбітшілік құсы, көгершіннің әкелген шарларында бейбітшілік сөздері жазылыпты. Біз осындай сөздерге мақал-мәтел айтайық.     (БІРЛІК, ЕЛ, ЖЕР, ОТАН, ТУҒАН ЖЕР)
1.
Бірлік бар жерде – тірлік бар.
2. Ел ердің анасы, Отан елдің анасы.
3.
Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
4. Отан оттан да ыстық.
5. Туған жер – алтын бесік.      

 

 «Қазақ елі осындай» әуенімен билеп, қорытындылаймыз. Осымен тәуелсіздік күніне арналған «Ақкөгершін» тобының тәрбие сағаты аяқталды, көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет! Қазақстанымыздың көк байрағы желбіреп, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын. Келесі сөзді ата-аналарға берейік.

Р. Ж. Галиева,
«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Өркен» бөбекжай балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорыны, тәрбиеші

Facebook арқылы пікір жазыңыз

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*