Home » Білім және тұлға » Д. А. Қонаевтың ерекше қасиеттері

Д. А. Қонаевтың ерекше қасиеттері

Халқымыздың аяулы ұлы Дінмухаммед Қонаев туралы айта берсе сөз, жаза берсе тарихи естеліктер шексіз. Ең бастысы, кемеңгер халқының жүрегінде мәңгі қалды. Қазақтың «Ұлық болсаң – кішік бол» деген асыл сөзі құдды Ұлы тұлғаға арналғандай. Д.А. Қонаевтың орнынан тұрып, жылы қоштасып, есікке дейін шығарып салатын болған асыл қасиеті. Осыған орай Димаш ағаның қарапайымдылығы мен асыл қасиеттеріне тоқталғым келеді. «Ғасыр саңлағы» Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1927 жылдан Ленин комсомолында шыңдалып он екі жыл өткен соң 1939 жылы Қоңырат кенішінде қызмет атқарып, басшы қызметінде болған, ширек ғасыр бойы Қазақстан Республикасы Орталық Комитетінің 1-ші хатшысы лауазымын атқарғаны баршаға аян. Кейінгі ұрпаққа үлгі болатындай үлкен із қалдырды. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев – өз халқының болашағы үшін аянбай еңбек етті. Мұндай қасиет әкесі Меңліахмедтен дарыса керек. Ұлын жұма намаздан еш қалдырмай өзімен бірге алып жүрген. Сол себептен Алматы қаласының, яғни бұрынғы Верный қаласының мешіттерін, орналасқан жерін жатқа білген. Бала кезінен әкесі Меңліахмед кішкентай Димашты имандылыққа, адамгершілік пен қарапайымдылыққа тәрбиелеген. Сол себептен барша халық Д.А. Қонаевты пір тұтты. Д.А. Қонаевтың бойындағы ерекше бір қасиеті ол – есте сақтау қабілеті. Мысалы, студенттік шақтарын Мәскеуде өткізген Д.Қонаев сол кезде көше-көшені жаяу аралайды екен. Осыған орай Мәскеуде қандай мекемелер салынды, бәрін бес саусақтай айып отырған. Димекең өнер-әдебиетті де жан-тәнімен сүйетін болған және шығармашылық, өнер қайраткерлеріне де әрқашан қолдау көрсеткен. Дінмұхамед Қонаев қандай адам болмасын кездестірген адамның аты-жөнін толық айтып беретін болған. Бір көрген адамды естен шығармайтын қасиет болған. Тағы бір қасиеті Д.Қонаев үлкенге де, кішіге де бірдей қараған. Біреуді қатты жақсы көретінін де, тіпті қатты жек көрсе де білдірмейтін, сырбаз мінезді, салиқалы, салмақты, артық-мінез құлық көрсетпейтін бірқалыпты, біртоға адам болған екен. Өмірді білген, өмірден түйген, сәтті жағдайда да, сәтсіз жағдайда да сабыр сақтай білетін қасиетті адам. Тағы бір қасиеті – жауапкершілігі мен еңбек сүйгіштігі. Жалпы сол кездері қай саладағы көрсеткіштерді алсақ та, Қазақстан Республикасының экономикасы, ғылым, мәдениет жағынан өсімі бойынша Ресей, Украйна республикасынан кейінгі үшінші орынды иеленіп отырған. Жалпы Д.Қонаевтың арқасында, Алматы қаласының көркеюіне және зәулім ғимараттардың бой көтеруінің өзі қаншалықты еңбекті талап етеді. Осы ғимараттарға қаншама күш-жігер, қаржы-қайрат кетті десеңізші! «Адам артынан із қалдыру үшін, болашақ ұрпағына, жер бетіне басқа адамдардың ақыл-ой дүниесінде, жүрегінде ұмытылмастай із қалдыру үшін туады» деген екен бір ғұлама. Осы сөздің мәнін де, мағынасын да Дінмұхамед Қонаев өз ісімен, халқына адал еңбегімен дәлелдей білген адам. Ал мұндай жасаған жақсылықтарды айтпай, елемеу пендеге лайықты іс емес деп ойлаймын. Тағы бір қасиеті – уақытпен санасуы. Уақытқа ұқыпты болған. Қандай кездесу болмасын уақытысынан бес минут ерте келетін болған. Елді күттіртіп қоюды жауапкершіліксіз деп санаған. Бір кездері әкесі Меңліахмед баласын өзінің туған күніне шақырады. Әкесі Қонаевты кішкентайынан «Ұлы» деп атаған екен, сонда әкесі: Ана «Ұлыны» туған күніме шақыртатынымды ескертемін деген, ол шақыруына бес минут бұрын барып жеткен. Бірінші хатшы лауазымында бола тұрса да әкесі бастаған жанұя қуаныштарынан еш қалмауға және кешікпей уақытысынан бес минут бұрын баруға тырысқан. Бұл – қанға берілген қасиет.

Уақыт өткен сайын Д.А. Қонаевтың есімі еліне, қалдырған еңбегі даралана айрықша бағалана бермек.

Жүсіпбаева Нүрила Сергейқызы,
Д.Қонаев мұражайының аға ғылыми қызметкері,

Facebook арқылы пікір жазыңыз

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*