Home » Білім және тарих » “Өлкетану” музейі

“Өлкетану” музейі

ОҚО, Созақ ауданы,  Созақ ауылы, Науайы атындағы жалпы орта мектепте Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында мектептегі 1-11 сыныптардың 2017 – 2018 оқу жылына арналған іс – шаралар жоспары жасалып бекіттірілген. Олардың іс-жоспарында «Өлкетану» музейімен таныстыру, «Созақ» қаласы орнына, Қарабура кесенесі, Қанақа мешітіне және Созақ ауылындағы киелі жерлерге экскурсия ұйымдастырып, Созақ қаласы жайлы реферат, эссе, шығармалар жазып, альбом дайындау әрбір оқушының бойында патриотизм сезімін, отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып отыр. Осыларды ескере отырып мен де өзім жетекшілік жасайтын  6«А» сынып оқушыларын мектебіміздегі «Өлкетану» музейімен таныстырып, Қарабура кесенесіне саяхатқа шықтық.

Даулетова Дилназа Исмаилджановна,
Науайы атындағы жалпы орта мектеп қазақ тілі пәні мұғалімі,
Созақ ауданы, Созақ ауылы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*