Home » Сол мектептен шыққанбыз » Мәртебеге лайық

Мәртебеге лайық

Осыдан 62 жыл бұрын 150 студентті 1-ші желтоқсан айында алғашқы қоңырау үнімен қабылдаған бір қабатты Павлодар педагогикалық институты – бүгінгі күні мәртебесі мен дәрежесі артқан Павлодар қаласының іргелі оқу-ағарту орнының бірі. Өткен жылы ғана өзінің 55 жылдығын тойлап мерейін бір көтерген институт, биылғы Жаңа жылдан бастап ҚР Үкіметінің Қаулысымен Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты университет мәртебесіне ие болып, алдағы уақыттарға өздеріне ауқымды жоспарлар мен мақсаттар, магистратура мен докторантура мамандықтарын дайындауды жүктеп отыр.

60 жылдан аса уақыт қанша білікті мамандарды дайындап,  институт қабырғасынан ұшқан шәкірттері бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде елеулі еңбек етіп, жас ұрпақты қанаттандырып ұшыруда.

Бүгінгі күнде университет мәртебесінің оқу ордасының келешегіне зор үлес қосып, мамандықты дайындау деңгейін жоғарылатуда аянбай тер төгіп жатқан облысымыздың абыройлы азаматы, аталмыш жоғары оқу орнының ректоры, профессор, химия ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық инженерлер академиясының академигі Алтынбек  Нұхұлының еңбегі өте зор.

18 мамандық бойынша оқытатын университетте осы күнде 4500 студент білім алуда.  Биылғы жылы 1700 студент ЖОО-ның есігін ашқан.

Оқу орнында да электронды және қашықтан оқытуды қамтамасыз ететін  ақпараттық технологиялар және ғылыми-зерттеу орталықтары жұмыс істеп тұр.

Сондай-ақ, студенттерге жоғары білім беру бағдарламаларының мазмұнын жетілдіру жұмыстары, ағылшын тілінде білім беру ауқымы кеңеюде. бірнеше оқу ғимараты, спорттық кешен, жүзу бассейні, ғылыми-зерттеу орталығы жұмыс істейді.

Қазіргі білім беру саласындағы басты міндет – білім мазмұны мен сапасы.  Ширек ғасырдан аса уақыт мұғалімдер институтын қалыптастырып, өмірге жаңалық әкеп, жас ұрпақты біліммен қаруландыратын, жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын жаңашыл мұғалімдерді даярлауда Павлодар Педагогикалық университетінің бұдан да жетер жетістігі мен шығар биігі алда және осы алған мәртебеге лайық демекпіз.

Ләззат Теміртасқызы,
Павлодар қаласы,
Білім айнасы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*