Home » Ашық сабақтар » Табиғат сыйы. Утянова Зарина Жетписбаевна

Табиғат сыйы. Утянова Зарина Жетписбаевна

Әдемі сазды әуен ойнап тұрады. Бүлдіршіндер тәрбиешілермен бірге сахна жақтан кіріп, кішкене орындықтарға жайғасады.

Тақырыбы:

Мақсат: Балалардың күзгі табиғат құбылыстары ерекшеліктерін, әсерлі қабылдай білуін қалыптастыру. Табиғат әсемдігін сезіну, мейірімділікке тәрбиелеу. Балаларда күз сыйлары туралы түсініктерін қалыптастыру.

Жүргізуші (залдағы әшекейлер мен олардың орналасуына қарап): Қараңдаршы, бүгін біздің залымыз қандай әдемі болып кеткен. Біз бір құдды ғажайып ертегінің ішіне кіріп кеткендейміз. Біздің сарайымызға әдемі жапырақтар төселген. Түстері қандай? (сары).

Бозарып дала,

Тоңады бала.

Астығы піскен,

Жапырағы түскен – бұл қай мезгіл, балалар? (күз мезгілі)

Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді (Осы кезде әдемі музыкамен күз ханшайымы келеді).

Күз ханшайымы:

Уа, халайық, дархан далам армысың,

Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін.

Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,

Алмақ болып бар халқымның алғысын.

Мен күз ханшайымымын, сендерді көргеніме қуаныштымын, балақайлар. Мен сендердің әрқайсыңды жақсы танимын. Сендердің жапырақтар теріп жүргендеріңді үнемі көріп жүрмін. Аналарыңмен бірге балабақшаға асығып, жүгіріп бара жатқандарыңды да көремін. Ал, сендер мені танисыңдар ма?

Жүргізуші: – Әрине, қымбатты күз ханшайымы. Біздің балалар сен туралы тақпақтар мен әндер де біледі. Мінекей, тыңдаңыз:

Ескендір: Алтын суық күз келді,

Сумен жаңбыр әкелді.

Құстар ұшып кетеді,

Ән айтпайды өтеді.

Т.Алихан: Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді

Жанерке: Күзім-ау, күзім-ау,

Мінезің бұзық-ау.

Жаңбырың сіркіреп

Келгенің қызық-ау.

Б. Аяжан: Берекелі, мерекелі

Келді жомарт Алтын күз.

Айару: Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді.

Марғұлан: Мерейлі күз, мырза күз,

Сыйлығыңа ырзамыз.

Жүргізуші: – Балалар, сендерге жасыратын жұмбақтармыз бар:

Ағайынды бәрі,

Шықса жасыл,

Түссе сары. (Жапырақ)

Тырс, тырс етіп тамады,

Сайға қарай ағады. (Жаңбыр)

Қанаты жоқ ұшады,

Аяғы жоқ қашады. (Жел)

  • Ал күздің әдемі әсем әуені қандай?

Ән: «Күзгі бақ»

Күз ханшайымы: Сендер жақсы ән айтып, ойын ойнадыңдар. Мені, осыншалықты жақсы танитындарыңа қатты қуанып тұрмын. Ал бүгінгі балымызға тағы да қонақтар келіп жатыр. Міне, күз самалы да келді.

Әдемі музыкамен күз самалы келеді.

Мен Күз самалымын.

Күзбен бірге келдім,

Бәріңе сәлем бердім.

Өңменіңмен өтетін,

Күзгі суық желмін.

Жел соқты,

Жел соқты,

Жапырақтар ағаштан түсті.

Жүргізуші: Ал біздің балалар, сап-сары жапырақтармен ойын ойнағанды ұнатады.

Ойын: «Жапырақтар»

Би: «Күзгі жапырақтар»

Күз самал: Ал балақайлар, мен кетуім керек, біз әлі де кездесеміз.

Күз ханшайымы: Қане, балалар, күзгі самал ұшып кетуіне көмектесіп жіберейік. (Қане, қатты үрлейікші)

Ойын: «Өнімді жина»

Би: «Саңырауқұлақтар»

Жүргізуші:

Қоңыр күз, келдің бе,

Қабағың түйіліп.

Жапырақтар сап-сары,

Жатырма жайылып.

Ал, балалар, қараңдаршы, менің жапырақтарым жай жапырақтар емес. Әр жапырақ жұмбақтан құралған.

Сары ғана ол мамық,

Жұмбақтың шешуін көр тауып (Балапан)

Ән: «Балапан»

Күз ханшайымы: Жұртты тәтті де дәмді жеміс-жидекпен тойдырғанды ұнатамын. Сендерге әдеттегідей үлкен сыйлық ала келдім. (Қолына алма ұстап тұрып) Міне, менің сыйлығым, сиқырлы алма. Бұл алма сендерге денсаулық, шаттық және байлық әкелсін.

Жүргізуші: Ал, енді балалар, жеміс-жидек туралы тақпақтарымызды айтып берейік:

Алибек: Сарымсақ деген атым бар,

Менен де дәм татыңдар.

Адила: Мен өрікпін, өрікпін,

Табиғатқа көрікпін.

Айлин: Мен алмамын, алмамын,

Таңдай татар бал дәмім.

Ж.Аяжан: Мен шиемін, шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Ақжол: Қияр пісті,

Қарбыз пісті

Қауын пісті

Қандай күшті.

Жасмин: Піскен кезде құлпынай ,

Қандай әсем шіркін-ай.

–   Күз ханшайымы, саған мың алғыс. Бүгінгі сыйлығың, күзгі бал үшін рахмет. Бізге тағы кел. Біз сені сағынып күтеміз.

–    Балалар, осымен Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Мерекені әрі қарай топта жалғастырамыз.

Утянова Зарина Жетписбаевна,
МКҚК № 26 «Үміт» МДҰ
тәрбиеші,
Ақтөбе қаласы

Facebook арқылы пікір жазыңыз

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*