Home » Жаңалықтар » Армысың, Жаңа жыл!

Армысың, Жаңа жыл!

Қыс мезгілінде келетін Жаңа жыл мерекесі балаларды шаттыққа бөледі.Балалар жыл бойы күтетін мерекеде әсем шырша жанында Аяз атамен бірге ән айтып, би билеп өз өнерлерін көрсетіп қалаған сыйлықтарын алып шаттанды. Биыл балалар мереке қарсаңында қыс мезгіліне байланысты қол бұйымдарын ата-аналарымен бірге жасап Республикалық қашықтықтан жүргізу байқауына қатысты.Жасалған әр бұйым өзінше әдемі жасалынғандықтан балалар өз бұйымдарына тиісті жүлде алды,алған жүлделеріне қуанды.OQU ZAMAN Ұстаздар мен оқушыларға арналған қосалқы желілік сайтының ұйымдастыруымен өткізген «Зимние фантазий»қашықтықтан жүргізу байқауынданда жүлделі 1 орынды алғандары үшін Сәрсек Алдияр,Ерболат Медина,Назымбек Амира марапатталды. Балалардың ата-аналарына көп алғысымызды білдіре отырып,балаларының үнемі биіктен көрінуіне тілектес екенімізді жеткіземіз.Балалардың алған дипломдары құтты болсын! Жарысты ұйымдастырушы OQU ZAMAN Ұстаздар мен оқушыларға арналған қосалқы желілік сайты ұжымына да алғысымызды білдіреміз.Келген жыл әр отбасына құт береке, молшылық табыс алып келсін!Бүлдіршіндеріміздің жүздерінен күлкі кетпей тәтті қылықтарымен біздерді қуантып,биіктерден көрініп,өнерлері өрге жүзсін!Жаңа жыл құтты болсын!

Мусаева Гулжанат Дөнесбайқызы

ҚМҚК №29 «Балдәурен»балабақшасы
«Алақаай,балақай» ересек тобы
2 санаттағы тәрбиеші,
Қарағанды облысы
Сатбаев қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*