Home » Балабақша » Таза ауада шынығып, серуенге шығайық. Смагулова Айжан Иргебаевна

Таза ауада шынығып, серуенге шығайық. Смагулова Айжан Иргебаевна

Оқу қызметі: Денсаулық

Мақсаты: Балалардың күз мезгілі туралы түсінігін одан әрі кеңейту. Баланың табиғатқа деген қызығушылығын арттыра отырып, табиғаттағы мерзімдік құбылыстар жайлы, өсімдіктер әлемі мен құстар туралы түсінігін қалыптастыру ісін одан әрі жалғастыру. Сондай-ақ, табиғат құбылыстарын мұқият бақылауға және олардың арасындағы қарапайым байланысты анықтауға, табиғаттың әсемдігін сезініп сүйе білуге, өсімдіктер мен жануарларға, құстарға қамқорлық пен қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу. Қозғалыс ойындарының ерекшелігін айта отырып, оның бала қозғалысын толық жетілдіруге, дамытуға ережелерді орындау қабілетінің қалыптасуына тәрбиелеу.

Коррекциялық жаттығу кезінде қимылдардың дұрыс орындалуына көңіл бөліп, жинақылыққа, мұқияттылыққа, омыртқа жотасын тік дұрыс ұстауға үйрету.

Әдістері: Көркем сөз, бақылау, сұрақ-жауап, ғажайып сәт.
Көрнекіліктер: ойыншықтар, құсқа жем салғыш, шелек, сыпырғыш.
Серуен барысы:
Енді, балалар, мен сендерге А. Құнанбаевтың өлеңін оқиын, мұқият тыңдаңдар.

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып дымқыл тұман жерді басқан

Білмеймін тойғаны ма, тонғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан тай жарысқан?

– Балалар, бұл жылдың қай мезгілі туралы айтады?

Балалар: Бұл өлеңде күз мезгілі туралы жазылған.

Тәрбиеші: Иә, дұрыс. Балалар, кім айтады, күз мезгілінің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?

Балалар: Күзде күн суиды, күн қысқарып түн ұзарады, ағаштардың жапырақтары түсіп олар жалаңаштанады.
Тәрбиеші: Балалар, күз айын кім айтады?

Балалар: Қыркүйек, қазан, қараша – күз айлары.

Тәрбиеші: Өте дұрыс, ал күзде адамдар қалай киінеді?

Балалар: Күзде адамдар жылы киінеді. Үстеріне пальто, бөрік, қолғап, етік киеді.

Тәрбиеші: Дұрыс балалар, күз мезгілінің осындай өзіне тән ерекшеліктері бар екен. Ал енді кім күз туралы тақпақ айтып береді.

(Балалар күз туралы білетін тақпақтарын оқиды)

Тәрбиеші: Балалар, енді мына ойын алаңымыздағы тұрған ағаштар мен бұталарды бақылайық.

Балалар, ағаштар күзде қандай болады екен?

Балалар: Ағаштарда жапырақ жоқ, барлығы түсіп қалған.

Тәрбиеші: Ал енді балалар, мынаған назар аударыңыздаршы. Мынау не?

Балалар: Бұл бұта. Оның да жапырақтары түсіп қалған.

Тәрбиеші: Балалар, сендер ағаш пен бұтаның айырмашылығын білесіңдер ме?

Балалар: Иә, ағаш бұтаға қарағанда биік болады, ал бұта аласа. Ағаштың діңі (қабығы) жуан болады, бұтанікі жұқа болады.

Тәрбиеші: «Біз биікпіз, биікпіз» деген жаттығу жасайық.

Биік болып өсеміз,

Жапырақтай жайқалып.

Табиғатты сүйеміз,

Шетімізден шеберміз.

Денемізді бос ұстап

Билеп, билеп аламыз.

 

Тәрбиеші: Қазір, балалар, қыста біздің ауылымызға ұшып келетін құстарға қамқор болайық. Қандай құстар ұшып келеді екен?

 

Балалар: Торғай, қарға, көгершін, аққу.

 

Тәрбиеші: Мына құста жем салғышты ағаш басына іліп, нан қиқымын салайық. Балалар, кім құстарды қорғау туралы тақпақ айтып береді?

Торғай, торғай, торғайсың,

Таяу келіп қонғайсың.

Жем шашайын, тойып ал

Сонда аязға тоңбайсың.

Тәрбиеші: Қане, балалар, бәріміз еңбектеніп жұмыс жасап, ауламызды тазартайық. Енді ойын ойнап жіберейік. Ойынның аты: «Бәйге» (ат жарыс)

Ойын ойнап жатқан кезде Мыстан кемпір келеді.

Мыстан: Мынау не шу, мені ұйқыдан ояттыңдар, қане, кетіңдер мына жерден.

Тәрбиеші: Мыстан кемпір, біздің балалар серуенге шығып ойнап жатыр. Біздің балалардың ойынын көресіз бе? Бірге ойнайық.

Ойынды әрі қарай жалғастырып, содан соң Мыстан кемпір «Соқыр теке» ойынын ойнауға шақырады. Ойыннан соң Мыстан кемпір қоштасып кетіп қалады.

Коррекциялық жаттығу: «Көбелек».

Балалар: Ауа-райын бақыладық, ағаштарды бақыладық.

Тәрбиеші: Иә, балалар, ағаштарды қорғау керек. Ағаштарды сындыруға, таптауға болмайды.

Балалар, сіздер қандай тыйым сөздерді білесіңдер?

Балалар: «Ағашқа балта тигізбе», «Көкті жұлма, көктей соларсың», «Аққуды атуға болмайды», «Құстардың ұясын бұзуға болмайды».

Тәрбиеші: Балалар, біздер тағы қандай жұмыстар өткіздік?

Балалар: Ауламызды жинадық, құстарға жем салғыш ілдік, оның ішіне нан қиқымын және жем салдық.

Тәрбиеші: Иә, балалар, құстарды қорғау керек. Олар біздің досымыз. Құстарды атуға болмайды. Оларға қамқорлық жасап жүру керек.

Енді, балалар, ойынымызды жалғастырайық.

Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Серуен кезіндегі табиғат ерекшеліктерін біледі.
Қандай түсініктерді игерді: Табиғатқа қамқор болуды.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Серуен кезінде еңбек жасауды, құстарға қамқор болуды.

Смагулова Айжан Иргебаевна,
№53 «Мерей» балабақшасының тәрбиешісі,
Астана қаласы

Facebook арқылы пікір жазыңыз

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*