Home » Балабақша » Төрлет, төрле, Жаңа жыл!

Төрлет, төрле, Жаңа жыл!

Жаңа жыл, жаңа жыл, жаңа жылға жаңа жыр. Жасыл шырша жанында билеп барлық бала жүр. Жаңа жыл келді. Жапалақтап қар жауып тұр. Жерге аппақ кілем төсеп қойғандай мамық ұлпа қар көз тартады. Айнала ақ ұлпаға айналуда. Міне бүгінде Астана қаласының №24 «Айналайын» бақшасына Жаңа жыл келіп жетті. Жаңа жылдық ертеңгіліктерін әр топ өз жас ерекшелігіне сай атап өтті. Тәрбиешілер мен мамандар әр мерекені көңілді және де ерекше етіп ұйымдастырды. Ертеңгілік балалардың әсем билерімен ашылып, әрі қарай балалардың Аяз ата мен Ақшақарға арналған ән-жырына ұласты. Бір “Айгөлек» тобын алатын болсақ, балалар жасыл шыршаны шыр айнала «Шырша», «Ақшақар», «Жаңа жыл» әндерін шырқап, ұлдар «Абдулла», қыздар болса «Сыған» биін мың бұрала биледі.

Ертеңгілікке қатысқан ата-аналар балаларының өнерлерін көріп мәз мейрам болды. Тек қызықтап қана қоймай, олар да балалардан қалыспай мерекелік ойынға қатысып жеңімпаз атанды. Балалар өнеріне риза болған Аяз ата мен Ақшақар қыз өз сыйлықтарын балаларға үлестіріп берді. Балалардың да күткені сол еді. Ертеңгілік соңында балабақша меңгерушісі К.Б. Макишева балаларға арналған жылы лебізін жеткізді және де ортаға шығып топ ата-аналары осындай керемет мереке ұйымдастырып бергені үшін балабақша әкімшілігі мен тәрбиеші апайларына ризашылықтарын білдірді. Мереке дәл осындай көңіл күймен балалардың «Жаңа жыл» атты флэш-мобымен аяқталды.

Жакып Айтолкын,
№ 24 «Айналайын»
балабақшасының тәрбиешісі,
Астана каласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*