Home » Мақалалар » «Шебер қолдар» сайысы

«Шебер қолдар» сайысы

Жыл сайын Май ауданындағы мектепке дейінгі білім беру мекемелері тәрбиеленушілерінің арасында өткізілетін дәстүрлі “Шебер қолдар” аудандық конкурсы да мәреге жетті.

Нәтижесінде екінші кіші топ (3-4 жас) тәрбиеленушілерінің арасында Қазақстан НМ шағын орталығының тәрбиеленушісі Мырзабекова Айлана I орынға, А. Иманов атындағы ОМ шағын орталығының тәрбиеленушісі Өмірзақ Шапағат  II орынға, Ақбота бөбектер бақшасының тәрбиеленушілері Қайсар Айлана мен Қайрат Айлана  III орынға иеленді.

4-5 жас аралығындағы ортаңғы топ тәрбиеленушілері арасында Қазақстан НМ шағын орталығының тәрбиеленушісі Тасқайратова Сымбат және Нұртаев Жанболат, “Балдәурен” балабақшасының тәрбиеленушісі Уалиева Дария, 5-6 жас аралығындағы мектепалды даярлық тобы тәрбиеленушілері арасында Қазақстан НМ  тәрбиеленушісі Нұрлыбекова Кәусар, Көктөбе ОМ тәрбиеленушісі Кабиева Арай, А.Иманов ат. ЛМ Самат Анель жеңімпаз атанды.

Л. Теміртасқызы,
Білім айнасы,
Павлодар облысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*