Home » Балабақша » Қош келдің, Төбетім!

Қош келдің, Төбетім!

   

Қызылорда қаласындағы «Алпамыс» балабақшасы желтоқсанның 29-ыншы жұлдызында бүлдіршіндерге арнап кезекті жаңа жылдық «Қош келдің, Төбетім!» атты ертеңгілігін ұйымдастырды. Ертеңгілікке арнайы қонақ ретінде облыстық оқу орталығы директорының орынбасары Гүлнар Батырбекқызы және «Білім айнасы» газетінің корректор-редакторы Қуаныш Әлібек шақырылды. Балабақша меңгерушісі Зағи Алмағанбетқызының бастамасымен балабақша тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен жаңа жылдық ертеңгілік «Әмбебап Балдырған» ересек тобының қатысуымен қиял-ғажайып ертегімен жалғасын тапты. Ертегіде әдеттегідей жаңа жылымыз күшіктің жоғалуымен басталды. Жоғалған күшікті өнерлі балалардың көмегімен мыстан әжейдің шарты бойынша тақпақтар оқылып, әндер айтылып, би билеп тауып алады. Ең бастысы, балаларды мейірімділікке, кішіпейілділікке баулитын ертегі қойылымы тәрбиешілеріміздің ауызбіршілігімен жасалынған туынды. Ертеңгілік соңында Гүлнар апайымыз жылы лебізін білдіріп, балаларға аяз атаның арнайы сыйлықтары табысталды. Мұхтар Әуезовтің «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөзі бар емес пе? Бүгінгі балалар – ертеңгі еліміздің тұтқасын ұстар өрендер.

Гүлсезім Серікқызы,
Алпамыс балабақшасының тәрбиешісі,
Қызылорда облысы

Facebook арқылы пікір жазыңыз

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*