Home » Сценарийлер » ЭКСПО-2017

ЭКСПО-2017

«Жаһандану бастамаларындағы Қазақстанның рөлі» 
тақырыбы бойынша ЭКСПО-2017 көрмесінің нәтижелері бойынша өткізілген дөңгелек үстел

Мақсаты: Көп жылдық тарихы бар ЭКСПО көрмесінің техникалық және технологиялық жетістіктеріне, оған мүше елдердің тарихын, дәстүрі мен мәдениетін көрсету. Көрменің біздің елге экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамуына қосқан жаңа үрдістерін ашып көрсету.
Міндеттері:

  1. Болашаққа деген сенімдерін нығайту, ЭКСПО туралы мәліметтер беріп, білімдерін одан әрі дамыту. Сипаттау мен анализдеу дағдыларын қалыптастыру, өзіндік шешім мен тұжырымдар жасай білу, оны ауызша және жазбаша түрде баяндай білуді дағдыландыру.
    2. Елімізде өткен ЭКСПО-көрмесі туралы қоғамдық пікірге тоқтала келе, оны өткізу елдігіміз бен халқымыздың абыройын көтеретін халықаралық көлемдегі шара екендігін айтып, патриоттық тәрбие беру, елін сүюге, елі үшін мақтаныш сезімін тудыру.

    Көрнекілігі: көрме, газет-журнал материалдары, баяндамалар, слайдтар, ғаламтор мәліметтері.

    Дөңгелек үстелдік барысы:

1. Сергіту сәті
2. Сұхбаттасу

Жүргізуші:

«Басқаға жалтақтайтын күннен кеттік. Бар байлығымызды өзімізге бұйыратын еттік. Қоғамның саяси тұрақтылығы мен бірлігіне жеттік, қысқасы, егемен ел болудың ең ауыр белесінен өттік» деп елбасы                    Н. Назарбаев айтқандай, Қазақстанда өткен ЭКСПО көрмесі, өзім үшін де, сіздер үшін де, жалпы халқымыз үшін де, Отанымыздың жетістіктері үшін мақтаныш сезімін оятты.
Дүниежүзілік көрме (ағылшын. World’s fair) немесе ЭКСПО (EXPO) индустрияландырудың нышаны және техникалық, технологиялық табыстарды көрсету үшін ашық алаң болып табылатын халықаралық көрме. Бірінші дүние жүзілік көрме Лондондағы Гайд-паркте, Альберт ханзаданың бастамасымен өткізілген. Көрменің бас назар аударарлық ғимараты, Джозеф Пакстонның таза шыны мен болаттан тұрғызылған хрусталь сарайы болды.

Жүргізуші: 
Дүниежүзілік көрменің Астанада өтуі және көрме өткізуге арналған тақырып кездейсоқ таңдап алынбаса керек. ЭКСПО сияқты халықаралық көрмелерге қатысу қай елдің болса да әлеуетін дүние жүзіне паш етуге берілген тамаша мүмкіндік деуге болады. Оның үстіне, әлем алдында өзінің даму деңгейіңді іс жүзінде дәлелдей отырып, шараны жоғары жауапкершілікпен өткізу өте зор құрмет.

Жүргізуші:

Алғашқы дүниежүзілік көрмені лондондық Гайд-паркте өткізген уақыттан бастап 166 жыл толыпты. Дүниежүзілік көрмелер өзінің ауқымы, жалпы-саяси және экономикалық мәнділігі бойынша теңдессіз оқиға болып табылады. Олардың басты мақсаты – жаңа ғылыми техникалық жетістіктер, даму келешегі, сондай-ақ қатысушы елдердің дәстүрлері мен тарихының жұрт алдындағы шеруі.

Сонымен бүгінгі дөңгелек үстеліміздегі талқыланатын сұрақтарға назар аударайық:

1. EXPO-дүниежүзілік көрмелер тарихы және оның екі түрін атаңыз?

Жүргізуші: «EXPO» – дүниежүзілік көрмелер онда дүние жүзінің елдері өздерінің ғылымдағы, техникадағы, мәдениеттегі және өнердегі жетістіктерін көрсетеді.
EXPO-ға қатысу туралы шешім үкіметтер тарапында қабылданады, ал оған қатысушылардың саны 195 ел, 40-45 млн. адамды құрайды. Халықаралық Көрмелер Бюросы Парижде 1928 ж. 22 қарашада құрылды. Сондықтан оның штаб-пәтері – Париж қаласында орналасқан.
Қазір халықаралық көрмелер бюросының ұйымына 157 ел қатысады.
EXPO көрмелері екі түрге бөлінеді.
– Халықаралық Тіркелген көрме (Әмбебаб) 5 жылда бір рет, ұзақтығы – 6 ай, ауданы-шектелмеген, тақырыбы – барлық қатысушылар үшін ортақ;
– Халықаралық танылған көрме (мамандарылған) екі жылда бір рет ұзақтығы 3 – ай. ауданы 25 га тақырыбы, тақырыбы: -мамандырылған.

2. Қазірдің өзінде 66 көрме өткізілді. Сол Халықаралық көрмелер Бюросының мұралары қандай?

Жүргізуші:
Дүниежүзілік көрмеге арнайы салынған ғимараттар:
Эйфель мұнарасы
Хрустальды сарай
Атомиум
Спейс Нидл
Патшалық көрме орталығы
Хабитат 67

1. Эйфель мұнарасы – Париждің ең танымал сәулеттік туындысы. Әйгілі құрастырушы Густав Эйфельдің атымен аталған. (1889ж.) биіктігі 324 метр.

2. Хрустальды сарай – 1851 жылы Джазеф Пакстон таза шыны мен болаттан салған хрусталь сарайы. 1936ж. өртеніп кетті.

3. Атомиум-Брюссельдің назар аударарлық ғимараттардың бірі. 1958 ж. салынған. Атом ғасырыжәне атом қуатының бейбіт қолдануының нышаны ретінде, сәулетші Андрэ Ватеркейн мен жобаланып, Андре және Мишель Полаков құрастырған.

4. Спейс-Нидл (ағымш. – ғарышинесі) – Сиэтл (АҚШ) қаласының ең танымал ғимараты. 1962ж. салынған. биіктігі 184,41м.

5. Хабитат 67. Монреальдағы (Канада) тұрғын үй кешені, сәулетші Моше Сафдимин салған. Куб осы ғимараттың негізі ретінде пайдаланған. Бір-бірінің үстіне салынған 354 куб, сұр түсті, 146 пәтерлі ғимарат.

6. Патшалық көрме орталығы. Австралияның Мельбурн қаласында 1886 ж. ашылған.

Ол мұраға біздің «Нұрәлем» атты шар да кіретінінесенімдімін.

3. Астана ЭКСПО-2017 көрмесі беделінің жаһандық дәрежеде ерекше танылуына оның «Болашақтық энергиясы» атты заманауи тақырыбының маңызы неде?

Жүргізуші:

Бұл тақырыптың маңызы – бүгінгі күні адамзаттың ең өзекті проблемасына айналған табиғи қуат көздерін тиімді пайдалану және балама қуат көздерін ашу мәселесін көтеруде болып отыр. Ендігі кезеңде бүкіл әлем «жасыл экономика» және экологиялық қауіпсіз даму сияқты тың бағытқа бетбұрыс жасауда.

4. Көрме аясында қандай мәдени және халықаралық шаралар өтті.

Жүргізуші:
Күн сайын елордада төрткүл дүниенің түкпір – түкпірінен жеткен түрлі мәдениеттің әуені мен нақышына бөлініп тұрады. Астанада Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Ғылым мен технологиялар жөніндегі саммиті өтті.
– ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің ресми сапары
– Қазақстан – Америка бизнес форумы өтті. Жалпы, ЭКСПО аясында 6 мыңнан астам түрлі іс шаралар өткізілді.

Жүргізуші:

Енді дөңгелек үстеліміздің 2 кезеңіне өтейік. Миға шабуыл жасап «Кім жылдам?» атты турнир өткіземіз.
«Кім жылдам?» сұрақ-жауап өткізу:

1. Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесі қашан болды? (10 маусым 2017-10 қыркүйек 2017ж.)
2. Дүниежүзілік көрменің қанша жылдық тарихы бар? (166 жыл)
3. Дүниежүзілік көрме ең алғаш қай жерде болды? (1851жыл, Англия, Лондон)
4. Дүниежүзілік көрме АҚШ-та қанша рет болды? (18 рет)
5. ЭКСПО көрмесіне қанша ел қатысты? (Елордада өткен ЭКСПО – 2017 көрмесіне әлемнің 115 мемлекеті мен 22 халықаралық ұйымының жоғары лауазымды қонақтары арнайы келді)
6. ЭКСПО 2017 көрмесінде қанша адам көрермен болды?
(үш айда көрмеге 2 млн. Адам келеді деп жоспарланса, көрме жалауы желбіреген күндері мұнда 3 997545 млн. Адам келген)
7. Дүниежүзілік көрме Парижде қанша рет болды? (9 рет, 1855,1867, 1878, 1889, 1900, 1908, 1925, 1931, 1937. )
8. ЭКСПО – 2017 қанша күнге созылды? (93 күн)
9. 9. ЭКСПО-2017 көрмесінің тақырыбы не? «Болашақтың энергиясы?»
10. 2020 жылы көрме қай жерде өтеді? (Дубай, Б.А.Ә)
11. Көрмені өткізу үшін бақ сынасқан мемлекеттер? Б.А.Ә. қоспағанда…..(Аюттхая (Тайланд) Измир (Туркия (Сан-Паулу (Бразилия) Екатеринбург (Ресей )
12. Қазақжеріндеөткенхалықаралықшарағадүйімжұртатсалысты. Жоғары деңгейдегі көрме ТМД елдері арасында алғаш рет өтті. Бас павилон «Нұрәлем» расында әлем назарын өзіне аударып, жұртшылық қызығушылығын арттырған. Павилонға келушілердің саны күніне қанша мыңға жуықтады? (28 мың)
13. ЭКСПО-2017 көрмесініңеңбасты символы? (көрменің ең басты символы –«Нұрәлем» деп аталатын шар. Диаметрі 80, биіктігі 100 метр болатын шар тәріздес мұндай ғимарат жер жүзінде жоқ).

Жүргізуші:
Қазақ елі Тәуелсіздігін алғаннан бері қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырды. Тамыры тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды.
Тарихқа көз жүгіртсең ЭКСПО дәстүрлі көрмесі бұған дейін Азяның солтүстік шығысында Еуропа мен Солтүстік Америкасында өткізіліп келген екен. ТМД елдерінде тұңғыш рет –Қазақстанда Астанада өткізілді.

Қорытынды:

«ЭКСПО – 2017» тәуелсіз қазақ елінің алтын әріптермен жазылатын дастаны болмақ. Ал ел шежіресі әрбір жеке адамның тарихынан құралады. Қазақстанның жетістіктері мен жеңістері ел тұрғындарының өлшеусіз еңбегінің арқасы.
Дөңгелек үстелге қатысқандарыңызға рахмет!

         Перназарова Шамшат Орынбасарқызы,
Кәсіптік – техникалық колледжі,
Тәрбиеші,
Астана қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*