Home » Сценарийлер » Аталар сөзі – ақылдың көзі

Аталар сөзі – ақылдың көзі

Сыныбы: 4 В

Сабақтың мақсаты;

  1. Оқушыларға шешендік сөздердің мәнің ұғындыру.
  2. Оқушыларды ата сөзіне қызықтыру.

Көрнекілігі: Үлкейтіліп салынған ата мен немере суреті. Өнегелі сөздер жазылған плакаттар.

Құрметті мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар!

Бүгін сіздер «4 В » сынып оқушыларының «Аталар сөзі – ақылдың көзі» атты ертеңгілігіне келіп оырсыздар.

Оқушы:

Жерден ауыр не?

Судан терең не?

Оттан ыстық не?

Көктен биік не?

Оқушы:

Судан терең дегенім – оқу, ғылым.

Оттан ыстық дегенім – адамның өмірі.

Көктен биік дегенім – тәкаппардың көңілі.

Оқушы: Алты алаш деген не?

Оқушы: Алты алаш деген – Алаш ханның алты балалары; Қазақ, Қарақалпақ, Қырғыз, Өзбек, Түркімен, Жайылхан.

Оқушы: Не жетім?

Оқушы: Жаңбыр жаумаса – жер жетім,

Басшы болмаса – ел жетім,

Ұқпасқа айтылған сөз жетім.

Оқушы: Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не қатты?

Оқушы: Ананың сүті тәтті. Ананың қолы жұмсақ.

Әкенің жүрегі қатты.

Оқушы: <Әкім> деген сөзді ажырата білесің бе?

< Ә > дегені – әділ бол,

< К > дегені – кекшіл болма.

< І > деген – ілтипатты бол,

<М >деген – менмен болма, мейірман бол.

Оқушы: Үш сауап туралы не білесің?

Оқушы: Үш сауап:

Шөлге құдық қазған.

Өзенге көпір салған.

Жолға ағаш еккен.

Оқушы: < Қазақ биі >.

Оқушы: Қазақша күн аттарын білесің бе?

Оқушы: Бүгін – дүйсенбі,

Ертең – сейсенбі.

Бүрсігүні – сәрсенбі.

Арғы күні – бейсенбі.

Ауыр күні – жұма,

Соңғы күні – сенбі.

Азына – жексенбі.

Оқушы: Он ата

Әке. Бала. Немере. Шөбере. Шөбшек. Немене. Туажат

Жүре жат. Жекжат. Жұрағат.

Оқушы: Жеті қазына дегеніміз не?

Оқушы:

1.Ер жігіт.

2.Сұлу әйел.

3.Ілім-білім .

4.Жүйірік ат.

5.Құмай тазы.

6.Қыран бүркіт.

7.Берен Қазына.

Оқушы: Жеті қазына дегеніміз не?

Оқушы:

  1. Қыдыр.
  2. бақ .

3.Ақ жаулық.

4.Ақыл.

5.Денсаулық.

6.Тұз.

7.Ит.

Оқушы: Жұт жеті ағайынды дегеніміз не?

Оқушы:

  1. Құрғақшылық.
  2. Мал жұтау.
  3. Оба(індет).
  4. Өрт.
  5. Соғыс.
  6. Жер        сілкіну.
  7. Сел жүру (тасқын).

Оқушы: Кім жақын?

Тату болса – ағайын жақын.

Ақылшы болса – апайың жақын.

 

Бауырмал болса – інің жақын.

Инабатты болса – келінің жақын.

Алдыңа тартқан адал асын,

Қимас жақын қарындасың.

Оқушы: Не қымбат?

Оқушы:

Алтын ұяң – Отан қымбат.

Құт-берекең – атаң қымбат.

Аймалайтын анаң қынбат.

Мейірімді анаң қынбат.

Асқар тауың – әкең қынбат,

Бәрінен де ұят пен ар қымбат.

Ән «Отан».

Хор.

Оқушы: Не қиын?

Оқушы: Арадан шыққан жау қиын,

Таусылмайтын дау қиын.

Шанышқылаған сөз қиын,

Жазылмаса дерт қиын.

Іске аспаған серт қиын,

Ақылыңнан адасып,

Өзің түскен <өрт > қиын.

Не істеріңді біле алмай,

Ашиды сонда бас миың.

Оқушы: Қазақтың қонағы неше түрлі болады?

Оқушы: Қазақтың төрт түрлі қонағы болады:

1.Арнайы қонақ. 2.Құдайы қонақ. 3.Қыдырма қонақ. 4.Қылқыма қонақ.

Оқушы:         Көп жасаған қария,

Ақылы – теңіз-дария.

Көп өнеге сөзі бар ,

Сөзі – сопақ, өзі-нар.

Оқушы:   Дүниеде не қымбат?

Адамға не қымбат?

Жансызда не қымбат?

Оқушы:   Дүниеде адам қымбат.

Адамға бала қымбат.

Жансызда гауһар қымбат.

Оқушы: Достық нешеу?

Оқушы: Достық екеу.

Бірі – адал достық,

Екіншісі – амал достық.

Адал достық – өмірлік нұсқа болады,

Амал достық – өрісі қысқа болады.

Ән-хор « Достарым-ай»

Оқушы: Би «Қара жорға»

Оқушы:   Ата салтымыз бойынша бата сұраймыз.

Оқушы: Қуаныштың тұрағы бол,

Ұлан істің бұлағы бол,

Мерекеніңқұрғы бол,

Сабырлының сыңары бол,

Пәк үлгінің шынары бол,

Туралықтың ұмары бол.

Әумин.

Оқушы: Құрдасыңа – қуаныш бол,

Сырласыңа – сынақ.

Жылағанға- жұбаныш бол.

Туысыңа – тұнық бол,Татулыққ – ақбол.

Ықыласқа – ақ бол,

Ана алдында – аласа бол.

Ар алдында биік бол.

Оқушы: Әлемнің бетін жарық ет,

Ұл – қызды түгел білімді ет.

Келесі оқу жылына,

Аман –есен түгел жет.

Меккедегі Мұхаммед,

Түркістанда Қож Ахмет,

Осы айтқан тілеуімді,

Құдай қаласа, Қабыл ет!

Оқушы: Құрметті қонақтар, біздің «Аталар сөзі – ақылдың көзі» атты сынып сағатымыз аяқталып келеді. Сөз кезегі тәрбие ісінің меңгерушісі Г.А. Гасанов ағайға беріледі.

Исакова Калдыкыз Сериковна,
№ 90 жалпы орта мектебі,
Шымкент қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*