Home » Білім және заң » «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Заң жобасы

«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Заң жобасы

2017 жылы 29 қарашада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Пленарлық отырысында «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобалары қаралды.

Заң жобалары бағалау қызметі саласындағы заңнаманы жетілдіруге, оны «Өзін-өзі реттеу туралы» Заң нормаларына сәйкес келтіруге, бағалау қызметінің өзін-өзі реттеу жүйесін одан әрі дамытуға, мемлекеттік функцияларды өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беруге, әлеуметтік-экономикалық процестерге бағалау қызметінің толыққанды қосылуын қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық базаны жетілдіруге, сондай-ақ бірқатар заңнамалық актілерді негізгі заң жобасының нормаларына сәйкес келтіруге бағытталған.

Құжатта бағалау қызметімен кәсіби түрде айналысатын адамдардың бағалаушылар палаталарында міндетті түрде мүше болуы көзделіп отыр. Саны кемінде үш жүз мүшені құрайтын бағалаушылар палаталарында өз мүшелерінің бағалау қызметінің сапасы бақыланады, бағалаушылардың құқықтары мен заңды мүдделері қорғалатын болады.

Заң жобасында бағалаушылар палаталары «бағалаушы», «сарапшы» біліктілігін беру туралы куәліктер, бағалаушылар мен сарапшылардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарынан өткені туралы сертификаттар берілетіні туралы ережелер бар. Одан басқа, бағалау қызметінің стандарттары белгіленетін болады.

Әділет органдары бағалау қызметі саласында келесідей функцияларды жүзеге асырады:

1) Әділет органдарының құзыретіне жататын, азаматтар мен заңды тұлғалардың бағалау қызметі мәселелері жөніндегі өтініштерін қабылдау, қарау және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде өтініш берушілерге қабылданған шешімдер туралы хабарлау;

2) Қазақстан Республикасының бағалау қызметі саласындағы заңнамасының қолданылу практикасын талдауды және қорыту және оны жетілдіру, Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасының бұзылуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде тиісті ұсыныстар енгізу;

3) Бағалаушылар палаталарының, бағалау ұйымдарының «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды орындауын бақылау;

4) Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктер»

Жалпы, «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Заңы бағалау объектілерінің нарықтық немесе өзгеше құнын белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында бағалау қызметін жүзеге асыру кезінде жеке және заңды тұлғалардың арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.

Н. Дайрабаев,
Сырдария аудандық Әділет
басқармасының басшысы, Заңгерлер
қоғамдық бірлестігінің мүшесі

 

Facebook арқылы пікір жазыңыз

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*