Home » Сценарийлер » Үздік педагог – 2017. Ажибаева Жансулу Абуовна

Үздік педагог – 2017. Ажибаева Жансулу Абуовна

Мақсаты: Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің кәсіби шеберлігі мен біліктілігін шыңдау, педагогикалық процесте жаңа технологияларды қолдану және шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, көрермендер!

«Үздік педагог-2017» байқауын тамашалауға қош келдіңіздер!

Жүректен өлең төгіп, қосқан жырға,

Тұлпардай топтан озған жүйрік тұлға,

Қошеметтеп, халайық қол соғыңдар,

Сайысқа қатысушы тұлғаларға,- деп бүгінгі «Үздік педагог -2016» байқауына қатысқалы тұрған тәрбиешілерді ортаға шақырайық. Қол соғып, қошемет көрсетейік! (Музыка әуенімен залға тәрбиешілер кіреді).

  1. Молдакадирова Күланда
  2. Кемелханова Гүлбану
  3. Заева Самал
  4. Қойшыбаева Айгүл
  5. Байбулова Оразгүл
  6. Тұрғанбаева Зира
  7. Базарова Света
  8. Чүйішбаева Әсем

 

Тәрбиешілер өнерін салыстырып,
Жеңіс үшін өнерін шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейін қазыларды таныстырып.

Бүгінгі сайысымыздың қазылар алқасымен таныс болыңыздар. (таныстыру).
1. Ожахаева А.Б. – әділқазы алқасының төрайымы, мекеме басшысы

  1. Ажибаева Ж.А. – әділқазы алқасының төрайымының орынбасары, мекеме әдіскері

3.Тақышева Үзілхан – әділқазы алқасының мүшесі, кәсіподақ ұйымының мүшесі

  1. Әзілбаева А. – әділқазы алқасының мүшесі, кәсіподақ ұйымның төрайымы
  2. Абишева Ж. – әділқазы алқасының мүшесі, мекеме хатшысы.

Байқаудың бөлімдерімен таныстырып өтейін:

  1. Таныстыру (портфолио жинақтау);
    2. Шығармашылық эссе
  2. Понорамалық оқу іс-әрекеті
  3. Тест
  4. Өз өнері

Жүргізуші:

Сайысымыздың 1-бөлімі:

Ақыл, көрік бойларына жетеді,

Әлі талай сынақтардан өтеді.

Мына отырған баршаңызға

Тәрбиешілер өздерін таныстырып өтеді, – дей келе бүгінгі сайысқа қатысатын тәрбиешілерді шақырайық:

  1. Молдакадирова Күланда
  2. Кемелханова Гүлбану
  3. Заева Самал
  4. Қойшыбаева Айгүл
  5. Байбулова Оразгүл
  6. Тұрғанбаева Зира
  7. Базарова Света
  8. Чүйішбаева Әсем

Қол соғып, қошемет көрсетейік. Әділқазылар өз бағаларын берсін…

Жүргізуші:
Сайысымыздың 2-ші бөлімі.

Шығармашылық эссе жинақталар мұғалімнің еңбегі,

Ұқыптылық талап етер ертеңі,

Жетістік пен нәтижелер қоры бұл,

Тәрбиешінің жұмысынан сыр шертеді, – демекші, ендігі кезекте «Шығармашылық эссе» кезеңі.

Қол соғып, қошемет көрсетейік. Әділқазылар өз бағасын берсін…

Сайысымыздың 3-ші бөлімі.

Сайысқа қатысушылар жаңа технология элементтерін пайдалану арқылы понорамалық оқу іс-әрекеттерін көрсетеді. Әділқазы мүшелері бағасын өздеріңіз берерсіздер.

Сайысымыздың 4-ші бөлімі.

Ал, тәрбиешілер, сайысқа қалайсыздар,
Сіздер өтер әлі де көп сын бар.
Асығыңды ал қоржыннан қымсынбай кеп,
Жауап айтсаң сұраққа жарайсыздар, – дей отырып, сайысымыздың 4 бөлімі бойынша тест сұрақтарына жауап беру. Тестке 15 минут беріледі.

Сайысымыздың 5-ші бөлімі.

Қашаннан қазыналы халқым менің,

Өнердің өнегелі алтын кені

Даралап дарынымен шықсын озып,

Танытып көпшілікке өз өнерін, – дей отыра, тәрбиешілеріміздің өнерлерін тамашалаңыздар.

  1. Молдакадирова Күланда (Спасибо, папа и мама!)
  2. Кемелханова Гүлбану (Жетім баланың монологы)
  3. Заева Самал (Жетім қыз монолог)
  4. Қойшыбаева Айгүл («Туған жер» әні)
  5. Базарова Света («Бауырсақ» ертегісін сахналау)
  6. Тұрғанбаева Зира (Қазақ биі)
  7. Байбулова Оразгүл (Жеті лақ ертегісін сахналау)
  8. Чүйішбаева Әсем (Іздеймін сені мама)

Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Тек әділдікті әділқазы алқасына,
Ал, тәрбиешілерге сәттілік тілейікші

Келесі сөз кезегін әділқазылар алқасына берейікші.

Қорытынды бағаны әділқазылар алқасы ақылдасып шешеді. Тәрбиешілерді мадақтау грамотасы беріледі.

Қорытынды: Тәрбиеші ақыл-ойы мен күш-қуатын балаларға арнап, жан аямай еңбек етеді. Өйткені ол, оның көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп, қияға қанат қақтырады.
Сондықтан болар кейбір дарынды ойшылдар да, тіпті арман қуған балалар да тәрбиешіні ерекше пір тұтып қадірлейді. Сондықтан тәрбиешіні қадірлейік, ренжітпейік деген қорытынды жасай келе бүгінгі мерекелік сайысымызды тәмәмдаймыз.

Қош! Сау болыңыздар.

Ажибаева Жансулу Абуовна,
18 «Мереке» балабақшасы
МКҚК-ның әдіскері,
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*