Home » Білім және өнер » Бидің құдіреті

Бидің құдіреті

Ұлтымыздың киелі өнерінің қастерлісі – би өнері. Қазақ биі табиғатында ұлттық музыка, ұлттық ойын, әдет-ғұрып, қолданбалы өнер түрімен тығыз байланыста дамыған. Би өнері – өз табиғатында басқа да өнер түрлері секілді, қолданбалы эстетикалық құбылыс. Халықтың өмірі, тірлік-тынысының айнасы. Оны біз дәстүр дейміз. Ал дәстүр – тарихи философиялық категорияларға жатады. Би өнерінің шежіресі халқымыздың тарихымен астасып жатыр. Адам табиғатпен егіз, оның көзге көрінетін және көрінбейтін құбылыстарын сезініп, қимыл-қозғалыстарымен өзінше жеткізген.

Бүгінгі таңда төл би өнеріміз өз дәрежесінде белгілі бір биікке көтеріліп, дамып, жетіліп келеді. Ұлы тұлғалар негізін қалап кеткен ұлттық дәстүрлі би мектептеріміз де бар. Сонымен қатар қала, ауыл-аймақтарда мектеп оқушылары мен балабақша жасындағы балалар үшін би үйірме сабақтары жүргізіледі. Ондағы ұстаздың міндеті – оқушылардың би өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру, тұла бойының әсем жаратылуының қалыптасуына, сымбаттылыққа, жеке тұлға дамуында эстетикалық тәлім-тәрбиеге үйрету.

Ұстаз – оқушының айнасы, сондықтан қимылдарды дұрыс көрсетіп, кез келген нақтылықсыздық пен ұқыпсыздықтан алшақ болу керек. Оқушылар жиі мұғалімнің қимылдарын көшіріп қайталағанда, олар тек мұғалімнің мақамын ғана емес және қатесін де иемденіп алады, сол себепті осындай қателіктерге жол бермеуі керек. Ұстаз оқушыларға орындалу техникасы қиын қимылдарды көрсеткенде, ол оны толық көрсету міндетті емес, бірақ оқушыларға ұғынықты болатындай түсіндіруі керек.

Сөйлем мақамы сияқты, қимыл көрсету барысы да нақты және дұрыс болуы керек. Көрсетілетін қимылдарға толыққанды хореографиялық терминдер қолданылуы керек, ал қимылдар бағыты – алдыға, арт жаққа, немесе en dehors et en dedans сияқты. Комбинация көрсетілімі нақты, дәл және ырғақты болуы керек.

Би сабағында бала тек би үйреніп қана қоймайды, сонымен қатар ой-өрістерін дамытады. Би қимылдары арқылы көңіл күйді де, денсаулықты да жақсартуға болады. Дәрігерлердің пікіріне жүгінсек, бимен айналысу ағзадағы зат алмасу процесіне, жүрек қантамырлары және тыныс жолдары жұмысына оң ықпал етеді, иммунитетті көтеріп, көңіл-күйді жақсартуға, шаршағанды басуға көп көмектеседі. Сондықтан да оқу тәрбие беру процессіндегі ең басты мақсаты балалардың денсаулығын нығайту болып табылады. Ал оның ішіндегі музыкалық ырғақты би сабағы өскелең ағзаның толық дұрыс дамуына көп ықпал тигізетіні анық. Биді орындау барысында өзінің көңіл күйін, жан толқынысын білдіреді. Жалпы, қандай өнерді алсақ та, адамның жан дүниесімен үйлесім тауып, сол арқылы да адам ішкі сезімін сыртқа шығарып отырады. Сл себептен би өнерінің орны бөлек.

                                               Турсынова Данагул Бахытовна,
№ 5 Ақбота балабақша,
Би жетекшісі,
Астана

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*