Home » Айтарым бар » «Ұлы далаға саяхат» бөбектер бақшадағы этно-мұражайға экскурсия

«Ұлы далаға саяхат» бөбектер бақшадағы этно-мұражайға экскурсия

Желтоқсан айының екінші аптасында  Ақсу қаласының ККПП «Айналайын» бөбектер бақшасында 2ші кіші «Лучики » тобында өткен «Ұлы далаға саяхат» атты сабақтан тыс іс-шараның жалғасы ретінде аталған балабақшаның қазақ тілі пәнінің мұғалімі Айгүл Оразбайқызы Тілегенова бүлдіршіндер үшін өзінің қазақ этно-мәдениетіне арналған мұражайының   есігін айқара ашты.

Президентіміздің «Рухани жаңғыру-болашаққа бағдар» атты мақаласының аясында,    желтоқсан айының өтпелі тақырыбы «Біздің тарихқа саяхат» болғандықтан, жылдық жоспарға сай тәрбиешінің «Коммуникация»  саласының Сөйлеуді дамыту бөлімі бойынша «Кииз үй» атты сабағы күнннің екінші жартысында қазақ тілі кабинетінде жалғасын тапты. Айгүл Оразбайқызы бүлдіршіндерді қазақ халқының әшекей бұйымдарымен, тұрмыс заттарымен, ұлттық тағамдармен таныстырды. Балалар өз қолдарымен мұражайдағы кішкентай көйлектердің матасын ұстап, қамзолдың ою-өрнегінің ирегін саусақтарымен қайталады.Мұражайдағы ойыншық түйенінің жүнін әрқайсысы сипап,  қойларды «қамауға» кіргізді.

Мұражайда этно заттар өте көп. Әрқайсысы өте әдемі. Айгүл Оразбайқызы ер балаларға қамшыны өру әдісін көрсетті. Қамшы не үшін қажет екенің айтып, әңгімелеп берді. Ұлттық аспапты қолдарына ұстатып, ішектерін көрсетті, шерткізді. Балаларға өте қызықты болды. Айгүл Оразбайқызының үстіндегі ұлттық киіміне аса қызығушылық таңытты. Педагог қамзолындағы оюларды көрсетті. Түрлерімен таныстырды. Балалар торғайларша шиқылдап, қуанып жатты.

Мен тәрбиеші ретінде тәрбиеленушілерімнің жан-жақты дамыған тұлғалар болып өсулерінің сенімді кепілдерінің бірі-өз халқының тарихын білу деп ойлаймын. Тобымның оқыту тілі орыс тілі. Тобымда өзге ұлттың балаларын билингвальды компонентті сақтап, қазақ тілінде де оқытамыз. Өзін-өзі жетілдіру жұмысымдың тақырыбы «Патриотическое воспитание детей дошкольного возраста»-«Мектепке дейінгі жастағы балалардың патриоттық тәрбиесі». Осы бағытта сабақтан тыс уақытта жұмыс жасаймын. Соның бірі жоғары айтылған іс-шараның өтілуі. Балалардың оттай жанған жанарлары педагогты әрқашан қуантады. Жоспарда әлі «Рухани жаңғыру.Болашаққа бағдар» атты Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мақаласы бойынша жоспарлар өте көп. Таңдаған мамандығым-кішкентай баланың қуанышын, дамуын, өсуін қадағалап дұрыс бағытқа салу. Мүсінші іспеттес бүлдіршеннен тұлға мүсіндейсің.Жауапкершілігі де қуанышы да мол. Ал өз халқының ұлттық бұйымдарына сүйсініп, кішкентай жүректерінің лүпілін сезінген нағыз бақыт қой! Осындай мүмкіндік үшін Айгүл Оразбайқызына алғысым шексіз.

 

  Диана Садыкова, тәрбиеші, «Айналайын бөбектер бақшасы» МКҚК

 

 

 

 

 

 

 

Facebook арқылы пікір жазыңыз

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*