Home » Жас қалам » Құндыз Серікқызы. Төредей төрде Төлеген

Құндыз Серікқызы. Төредей төрде Төлеген

Төредей төрде Төлеген

Төлеген Айбергеновтің 80 жылдығына арнау

 

Қазаққа жақсы атың қалды Төре деген ,
Төлеген деген кім десе Төре дер ем
Ел мақтаған ақындарға мың алғыс,
Аналарды құрметтеуді үйреткен.
Келді міне 80-жасы атамыздың .
Ақын əрі кемеңгер, данамыздың
Қалдырған отты өлеңдер жалын жырлар,
Мұра болған ізімен бабамыздың.
Ақын жырын жазады жас дəуренді,
Махаббатқа, сезімге толы өлеңі.
Жастайынан танылған дарынымен,
Ақын жырын оқиды сүйіп елі.
Төлеген ағамызбен мақтанамыз,
Өлеңдерін оқимыз, үлгі аламыз.
Қазақтың қара өлеңін асқақтатқан,
Төлеген Айбергенов ұлы ағамыз.
Ей қазағым тойла жырла жатпаңдар
Ұлы ағаның ізгі жолын сақтаңдар
«Бір тойым болатын сөзсіз» деген
Сексен жас тойын тойлап мақтаңдар

 

***********************************************************

 

Қазақ тілім Алашымның айнасы”

Ана тілім айбынды аялаған,
Барлық адам қорғап оны саялаған
Қазақ тілім сен болмасан,мен нестеймін.
Осы өмірде сенсіз кунім,мәңгілікте болмаған.

Ана тілім қастерлеймін өзіңді,
Мәңгілікке,жоғалтпаймын сөзіңді
Қазақ тілін қазақ елі құрметтеп,
Былғамайық құр сөзбенен өлеңді.

Құрметтейік қазақ тілін жоғары,
Ешбір елде бұндай сөздер жоқ әлі
Асыл сөздер маржандай тізіліп тұр
Қазақ тілін уйренсеңдер,сөз маржаны көп әлі.

Ей,қазағым шетелге қызықпаңдар,
Оданда қазақ тілін қызықтаңдар!
Шет елдің тілдерін қайтесіңдер
Ана тілін уйренуге уялмаңдар.

Щет елдің адамдары қызығады
Қазақ тілін уйренуге талпынады
О,адамдар қызықпандар өзге тілге
Сен одан да уйрет анау шет елге!

Үйренсің шабыттансың ,шаршамасың
Қазақ тілін жетік білсе мақтанарсың
Бәлкім олда болашакта кім білер
Қазақ тілі керемет деп мақтарын.

Ана тілім ұмытпаймын сені мен
Өлгенімше мақтанамын сенімен
Қазақ тілі әлемдегі керемет
Сөз жетпейді асыл тастай елжіреп.

Қазақ тілім Алашымның айнасы
Ана тілім мәңгілікке жайнашы
Сайрай берсін әлемнің төрінде
Қазақ тілім құлпырсын ол көгімге!

Құндыз Серікқызы Нақышова,

Қалжан ахун атындағы

№126 қазақ орта мектебінің оқушысы

Сырдария ауданы, Қызылорда облысы

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды. Required fields are marked *

*